Ауданда тіркеуге алынған 3273 мүмкіндігі шектеулі азамат протездік-ортопедиялық, тифлотехникалық, гигиеналық, сурдоқұралдар мен қоларбалармен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бүгінгі таңға дейін мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қажетті сұраныстарын қанағаттандыру бойынша мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін өтініш берген барлық мүмкіндігі шектеулі азаматтар толығымен қоларбамен қамтамасыз етіледі деп жоспарланып отыр. Оған қоса, санаторий-курорттық емделуге 271 азамат жолданған. Облыстық басқарма тарапынан қосымша шипажайларға 100 жолдама бөлініп, олардың барлығы тізімдегі азаматтарға таратылуда. Айта кетейік, ағымдағы жылы ауданда әлеуметтік қызметтер порталы іске қосылған.
Шардара ауданында жалпы 3273 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде 256 адам 1-топ, 1147 адам 2-топ, 1327 адам 3-топ және 492-і 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат