Жексенбі, 29 Қараша 2020 22:07

«Тұңғыш Президент күні» қарсаңында Түркістан қаласында 500 түп ағаш отырғызылды

«Тұңғыш Президент күні» қарсаңында Түркістан қаласында 500 түп ағаш отырғызылды, - деп хабарлайды Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Күннен күнге гүлденіп келе жатқан Түркістан қаласының басты нысандарының бірі Дендросаябақ болмақ. 

Өңірдің климаты мен географиялық ерекшеліктеріне байланысты облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы қаланың көгалдандырылуына ерекше көңіл бөліп келеді.

 Аталған шара аясында Түркістан қаласы әкімі Рашид Аюпов және қалалық мәслихаттың хатшысы Ғаппар Сәрсенбаевтың қатысуымен дендросаябақта қарағай ағаштары егілді. Айта кету керек, қала тұрғындары мен қонақтарына жайлылық сыйлайтын бар ағаштардың күтімі нысан құрылысы аяқтала «Жасыл Түркістан» КММ тарапынан атқарылатын болады. Ал, қазіргі таңда 500-ден астам жұмысшы мен 50 дана техника күші жұмылдырылған нысан құрылысы қарқынды атқарылып келеді. Құрылыс барысы мен ауа-райына қарай жалпы 19 мыңға жуық түрлі ағаштар отырғызылады деп жоспарланған.

 

 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат            

 

Оқылды 404 рет