Сонымен қатар, жылдар бойы «Орда» мөлтекауданының өзекті мәселесіне айналған инфрақұрылым құрылысына қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Қазіргі таңда «Орда» мөлтекауданынан түсетін 600 орындық мектеп құрылысының жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.
Сондай-ақ, Қарабастау ауылына фельдшерлік-акушерлік бекет салынады. Сондай-ақ, Бадам ауылында «Агроөнеркәсіп кешенін дамыту бағдарламасы» аясында өткен жылы қабылданған үшжақты келісімшартқа сәйкес 10 408 га егістік жер игерілген.
2 гектар жылыжай іске қосылып, 85 гектарға тамшылатып суғару әдісі енгізілген. 10-15 басқа арналған 11 мал бордақылау алаңы ашылды. Бұдан басқа 3 шағын жанұялық ферма жұмысын бастады.
Сонымен қатар, былтыр «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында округтегі 23 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген.
Сәкен Сейфуллин атындағы мектеп және «Диамур» балабақшасы күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бадам аумағында жалпы ұзындығы 41 шақырымды құрайтын 4 канал бар. Оның 27 шақырымы механикалық тазалаудан өтті.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат