Қазіргі таңда жерді тегістеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ағымдағы жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстары толық аяқталады деп жоспарлануда.
Халық саялайтын, таза ауамен тыныстайтын демалыс орны – аудандық мәдениет үйінің алдындағы «Құрметті азаматтар» аллеясының орнына түспек. Ал, «Құрметті азаматтар» аллеясы жаңа дизайнда «Жеті қазына» аллеясының аумағынан бой көтеретін болады.
Аудан орталығының көркін аша түсетін арбаттың қос қапталындағы жаяу жүргінші жолы мен саяжолға түрлі-түсті бедерлі тас төселмек. Сондай-ақ, жаңа орындықтар қойылып, көрік беріп тұру үшін түрлі - түсті шамдармен жарақтандырылады.Жергілікті фаунаға сай сәулетті мүсіндер орнатылатын болады. Құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген кезде, ауыл тұрғындарының демалыс аймағына айналмақ.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат