Бұл құрылыс нысандары 2021 жылға өтпелі. Мектеп ғимараттарын күрделі жөндеу жұмыстары былтыр екі мектепте жүргізілген болса, биыл екі мектептің күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.
Одан бөлек, былтыр жаңадан 4 мектеп салу үшін ЖСҚ-ы әзірленген болса, биыл тағы 2 жаңа мектептің құжаттары әзірленетін болады. Былтыр күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында 12 мектепке сметалық құжаттар дайындалған болса, биыл қосымша төрт мектепке сметалық құжаттар дайындау жоспарланып отыр. Сондай-ақ, осы жылы қосымша 4 мектептің жылу жүйесі газга ауыстырылады. Және тағы екі мектептің ЖСҚ-ы әзірленетін болады.
Жалпы ауданда барлығы 80 мектеп бар. Оның 66-ы типтік, 14-і ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан. Бұдан басқа ауданда 220 мектепке дейінгі мекемелер бар. Оның 16-сы мемлекеттік балабақша, қалғаны жекеменшік. Мектепке дейінгі мекемелерде 25 мыңнан астам бала тәрбиеленіп, 3-6 жастағы балалардың балабақшамен қамтылуы толық шешілген.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат