Атап айтқанда, екі тұрғын үй мен бес білім ошақтары бой көтерді. Сондай-ақ табиғи газбен қамту бойынша 3 нысан, электр қуатымен қамтуға қатысты екі нысан, алты ауыз сумен қамту нысандары, үш кәріз жүйесі бойынша нысандар және инженерлі комуникация нысандары салынуда. Биыл тағы 28 әлеуметтік нысанның құрылысын жүргізу жоспарланып отыр.
Халықты табиғи газбен қамту үлесі жөнінде өткен жылы 54% пайыз болса, биыл тағы 14 елді мекенде құрылыс жұмыстарын аяқтап, қамту үлесін 75%-ға жеткізу көзделуде. Ал, ауыз сумен қамту бүгінгі таңда 60% пайыз болса, биылғы жылдың соңына дейін тағы төрт елді мекенге таза ауыз құбырлары тартылып, қамту үлесі 66%-ға жеткізілмек.
Сонымен қатар, Сарыағаш топтасқан ауыз су жүйесі мекемесі өз тарапынан 39,2 млн. теңгеге үш нысанды күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізіп, 4,8 млн. теңгеге қажетті құрал-жабдықтар сатып алған. Биыл үш нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу, құбырларды ауыстырып, қажетті құрал-жабдықтар сатып алу жоспарлануда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат