Сейсенбі, 16 Ақпан 2021 12:53

Түркістан: 2025 жылға дейін облыста 111 медициналық нысан салынады

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция мәжілісі өтті.

Алқалы жиында сөз алған партияның облыстық филалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаевтың айтуынша, фракциядағы 37 депутатқа жол картасының салалары бойынша нақты міндеттер жүктелген.

«Елбасы, Партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына орай, партияны қайта жаңғырту жұмыстары атқарылды. Сайлауалды бағдарламамыз қабылданып, жол картасы талқылауға ұсынылды. Осы жоспар негізінде Түркістан облысының әрбір аудан, қаласын, елді мекендерін жан-жақты дамыту көзделіп отыр. Жол картасының әрбір тармағына жауапты депутаттар бекітілген. 2025 жылға дейін Түркістан облысында 111 медициналық нысан, 266 мектеп, 15 балабақша, 236 спорт, 27 мәдениет нысаны салынады. «Nur Otan» партиясының фракциясы осы жобалардың жүзеге асырылуына тікелей атсалысады», – дейді Бейсен Дәулетұлы.

Мәжіліске қатысқан фракция мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жол картасын бір ауыздан қолдады. Түркістан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр  азаматқа лайықты  өмір!»  2025  жылға  дейінгі  сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы партияның облыстық Саяси кеңес бюросына бекітуге ұсынылды.

Жол картасына арқылы 2025 жылға дейін Түркістан облысында 214 туристік нысан салынады. Осы арқылы  өңірімізге келушілер саны 1,5 есеге артып, 2 миллионға жетеді деген жоспар бар. Бес жылда облыста 5656,11 шақырым жол жөнделеді. 2300 шақырымға жуық таза ауыз су жүйесі жүргізіледі.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 352 рет