Нәтижесінде 19 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылып, бес елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары қайта жаңартылып, халықты ауыз сумен қамту деңгейі 92,1%-ды құрады. Биыл тағы 49 нысанның құрылысы жүруде. Басым бөлігі жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Жыл соңына дейін 20 елді мекен жаңа ауыз су жүйелерімен қамтылып, 14 елді мекеннің су құбырлары қайта жаңартылатын болады. Нәтижесінде, халықтың 93,3% немесе 710 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
2020 жылы 41 табиғи газ нысанының құрылысына 14,1 млрд. теңге бағытталып, жылдың қорытындысымен 23 нысанның құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде, 423 елді мекен немесе 1 млн. 274 мың адам табиғи газбен қамтылды. Биыл 24 нысан пайдалануға беріліп, 434 елді мекен табиғи газбен қамтылатын болады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат