Ескі трансформаторлар мен ауыстыруды қажет ететін ағаш электр бағаналары жаңартылады. Өткен жылы 26 нысанның құрылысына 4,4 млрд.теңге қаржы бағытталып, 17 нысан пайдалануға берілді. Биыл жүріп жатқан 26 нысанның 17-сі жақын уақытта пайдалануға беріледі. Қалғаны 2022 жылға өтпелі. Жыл қорытындысымен, 27,7 мың тұрғын сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтылатын болады.
2020 жылы автомобиль жолдарын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттен 54,8 млрд. теңге қаралып, 2 мың шақырымға жуық жолдар мен көшелерде құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның 1 525,4 шақырымы пайдалануға беріліп, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 74,1%-дан 79%-ға дейін артты. Биыл 609 шқ. Жол мен елді мекен көшелерін жөндеу жоспарлануда.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат