Сондай-ақ, «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаржысы есебінен 465 млн. теңге бөлініп, жалпы ұзындығы 18 шқ. құрайтын барлығы 21 көшеге орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Алатау батыр, Көксу ауылдық округтеріндегі бұл көшелер пайдалануға тапсырылды. Қала орталығындағы жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайтын көшелер тазаланып, шыны жарық
шағылыстырғыш микросфералар қосылған тұтас сары түсті жолақтар сызылды.
Шардара қаласының ішіне ұзындығы 20 шақырымды құрайтын тоғыз көшеге жаяу жүргінші жолағын сызу, жол белгілері мен жасанды өткелдер орнату жұмыстары жүргізілуде. Жұмыс сапасы басты назарға алынып, жолда жүру бөлігін айыратын жолақтар шыны жарық шағылыстырғыш микорсфералар қосылған арнайы қоспа арқылы сызылуда.
Газдандыру бойынша жұмыстар 4 кезеңге бөлініп, кезең-кезеңмен жүргізу жоспарланған. 2 мыңнан астам халқы бар 25 елдімекеннің жетеуі табиғи газға қосылған. Былтыр 5 ауылдың және «Шардара» № 18 ГТС-ның құрылысы аяқталып пайдалануға берілген. Нәтижесінде 13 407 отбасы, яғни, аудан тұрғындарының 34 пайызы газбен қамтылатын болады. Одан бөлек, Көксу, Қоссейіт ауылдарын табиғи газға қосу күтілуде. Шардара ауданы, Қ.Тұрысбеков а/о, Ақберді елді мекені аумағынан № 18 «Шардара» газ тарату стансасы салынды. Осы жоба аясында Шардара қаласы және қаламен іргелес 11 елді мекендегі 44 120 адамды (аудан тұрғындарының 55,7 пайызы) табиғи газбен қамтылуға мүмкіндік алады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат