Сенбі, 06 Ақпан 2021 21:24

Түркістан: Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында бірқатар жобалар қолға алынды

Бүгінгі таңда елімізде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғаммен етене араласуы үшін тең мүмкіндіктер жасалып келеді.

Сондықтан қазіргі таңда мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көңіл бөлініп отыр. Ең бастысы олардың әлеуметтік жағдайын жасаудан бастап, күнделікті қажеттерін өтеуі үшін көмек көрсетілуде. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арнап түрлі оқу курстары ұйымдастырылған. Сонымен бірге тек өткен жылдың өзінде Түркістан қаласы бойынша жалпы саны 44 пандус іске қосылған. Оның ішінде қайта қалпына келтірілген дері мен жаңадан салынғандары да бар.

Айта кету керек, пандустар орнату кезінде мүгедек жандар көбірек баратын мекемелерге басымдық берілген. Бұл туралы Түркістан қалалық әкімдігі аппаратының басшысы Жәнібек Наушабай мәлім етті. Оның айтуынша, биылғы жылы қала бойынша тағы тиісті талаптарға сай келетін 20 пандус іске қосылмақ. Бұл бағыттағы жұмыстар мұнымен де шектелмей, әрмен қарай да өз жалғасын таба беретін болады. Сонымен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту мақсатында да Түркістанда бірқатар жобалар қолға алынынуда.

Ал мұның барлығы мүмкіндігі шектеулі жандардың өздерін қоғамнан тыс сезінбеулері үшін жасалуда.
Стандартқа сәйкес пандустың ені 100 см, көлбеу бұрышы 6 градустан аспауы керек. Биіктігі 70 немесе 95 сантиметрлік екі деңгейлі тұтқасы болуы шарт. Жолдың ашық баспалдаққа немесе пандусқа қосылатын жердегі алаң аумағы 160х160 сантиметр, ішке кіретін есіктің ені 90 см кем болмағаны жөн. Едені тайғанамайтын материалдан жасалуы қажет.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 291 рет