Сенбі, 06 Ақпан 2021 21:56

Түркістан: Микроклиматты жақсарту мақсатында ирригациялық каналдар салынуда

Түркістан қаласының микроклиматын өзгерту және қала ішін суландыру жүйелерін жүргізу үшін ирригациялық каналдар салу жоспарланған болатын.

Осы мақсатта, Қазыбек би көшесі мен Б.Саттарханов даңғылы аралығындағы 50 көшенің (47,1 шақырым) ішкі орам суларын қамтамасыз ету үшін (лоток салу) құрылыс жұмыстары басталды.

Бұл туралы Түркістан қаласы әкімнің баспасөз қызметі мәлім етті.

 Қазіргі таңда құрылыс-монтаж жұмыстарымен 2 мекеме айналысып жатыр. Одан өзге, жұмысты ширатып, алдағы маусымға әзір болып, жазда су жіберу үшін тағы мердігер мекемемен келісім-шарт түзілуде.

Сондай-ақ, 1,3 шқ құрайтын қалалық емхана мен Яссы көшесі аумағындағы Р-32 А ирригациялық арығы мердігер мекеме «Өмір жолы» ЖШС тарапынан жүргізілуде. Онда 600 метр арық орнатылып, жұмыс 46,1 пайызға орындалған. Ал, №19 мектеп пен Шекті Тілеу, яғни Арыс-Түркістан каналынан қамтитын Р-32-2 ирригациялық арығының құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталған.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 301 рет