Яғни, мекеме аралап, өтінішіңізді білдіру үшін кезекке тұрып, әуре сарсаңға түспейсіз. 109 шұғыл желісіндегі мамандар сауалыңызды тіркеп, мәселеңізді шешуге көмектеседі.
Еске сала кетейік, 2020 жылдың 20 қарашасында 109 қызметі іске қосылған еді. Түркістан қалалық әкімшілігінің қызмет сапасын оңтайландыру – басты міндет. Яғни, орталық ашылған күннен бастап 25 225 қоңырау түскен. Сараптама жұмыстарының нәтижесі бойынша арызданған тұрғындардың басым бөлігі коммуналдық қызмет бойынша хабарласқан.
Сұрақтардың барлығы тіркеледі де, бақылауға алынып, өңделеді. Электр жарығы сөнуіне байланысты 13085, көгілдір отын мәселесінде 2121 сұрақ тіркелген. Бұл көрсеткіштің басым болуын 109 қызмет көрсету орталығы басшысының міндетін атқарушы Нұртас Ошанов жарияланған карантиндік шаралармен байланыстырады.
Ал, ақпан айының өзінде 2717 азамат 109 қызметіне көмекке жүгінген. Жоғарыда айтып өткендей әрбір қоңырау тіркелгендіктен, жауапты бөлімнің жұмысы бағаланады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат