Жұма, 19 Ақпан 2021 20:11

Биыл Отырар ауданының 23 ауылы газбен қамтылады

Биыл Отырар ауданының тағы 23 ауылының тұрғындары табиғи отынның шарапатын көреді.

Бұл туралы Түркістан облысында жұмыс сапарымен болған Сенат депутаты Әлімжан Құртаев мәлімдеді,-деп хабарлайды aq-qara.kz Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Әлімжан Құртаев мәслихат депутаттарымен жүздесіп, Ордабасы және Отырар аудандары әкімдерінің есеп беру кездесуіне қатысты.

«Отырар ауданы үшін 2020 жылғы маңызды оқиғалардың бірі – газдандыру болды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырын салу туралы тарихи шешім қабылдаған болатын. Бұл табиғи газды Батыс Қазақстаннан оңтүстік өңірге жеткізуге мүмкіндік берді. Биыл Отырар ауданының тағы 23 ауылының тұрғындары газбен қамтылады», — деді сенатор Әлімжан Құртаев.

Сенатор кездесуде сондай-ақ облыс тұрғындарынан келіп түскен ұсыныстар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ауыл тұрғындарын хабардар етті.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 342 рет