Аталған іс-шара онлайн форматта ZOOM – интернет қосымшасы арқылы жүргізілді. Семинарды колледж басшысы Болат Серікұлы ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Семинардың бағдарламасы бойынша І модуль «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша , арнайы пән оқытушысы Б.Айтмұрзаева өз жетекшілігіндегі 2 курс студенті Ю.Гапуржановамен «Бородин» наны , «Багет наны» жасау бойынша шеберлік сынып көрсетілсе, «Өрме наны» , «Тәтті тоқаш» дайындау бойынша өндірісте оқыту шебері З.Маханбетжанова өз жетекшілігіндегі 3 курс студенті М.Гапуржановамен шебер сынып көрсетті. Сондай –ақ 1 сортты ұннан дайындалған «Бөлке наны» және «Батон нанын» дайындау бойынша ө/о шебері А.Асылбекова өз жетекшілігіндегі 3 курс студенті М.Юсуповамен шебер сынып көрсетті.
ІІ модуль «Кондитер» құзыреттілігі бойынша өндірісте оқыту шебері Э.Байымбетова өз жетекшілігіндегі 2 курс студенті И.Кургановамен «Трайфл» десертін, вафли «Бельгийский» десертін дайындаудан шебер сынып көрсетті.
Іс-шара соңында ТжКБ беру ұйымының әдіскері О.Сұлтанбеков «Бүгінгі таңда елімізде кәсіптік білімге ерекше назар аударылуда.Қабілетті , білімді, білікті жұмысшы маман дайындау басты мақсатымыз деп білеміз. Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың болашағы біздің қолымызда» - деп өз сөзін қорытындылады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат