Сәрсенбі, 24 Ақпан 2021 20:42

Жетісай: Жол құрылысы басты назарда

Түркістан облысы Жетісай ауданында жол құрылысы басты назарда.

Өткен жылы 1 аудандық маңызы бар автомобиль жолы мен елді мекендерге қарасты 53 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар 219 көше ағымдағы жөндеуден өткен. 

«Ауыл - Ел Бесегі» бағдарламасы аясында ұзындығы 15,2 шақырымды құрайтын 22 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша 1,68 шақырымды құрайтын 1 көшеге орта жөндеу және 3 көшеге аяқ жол салу жұмыстары істелді. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 82,2 шақырымды құрайтын 185 көшеге ағымдағы (тас төсеу) жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 23,3 шақырымды құрайтын 30 көшеге орта жөндеу және жалпы ұзындығы 21,3 шақырымды құрайтын 34 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік,2021 жылы «Ауыл – Ел Бесігі» бағдарламасы бойынша жалпы 18,1 шақырымды құрайтын 20 нысанға орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Облыстық және жергілікті бюджет есебінен жалпы ұзындығы 25,7 шақырымды құрайтын 32 көшеге орта жөндеу және  жалпы ұзындығы 13,2 шақырымды құрайтын 24 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 389 рет