Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 09:16

Түлкібас: «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» атты акция өтті

Түлкібас ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімінің ұйымдастыруымен «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» атты акция өтті. Бұл туралы Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі  мәлім етті.

«Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21-бабы бойынша заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және Рысқұлов, Тастұмсық округтеріндегі көшелердің көрнекті жерлерінде, ғимараттарда, мекемелерде жазылған атаулардың, коммерциялық нысандар атауларының, жарнама мәтіндерінің қате жазуларын реттеу, дұрыс жазылуы мен эстетикалық безендірілуіне зерделеу жұмыстарын жүргізу мақсатында «Сауатты жарнама - тіл тазалығының айнасы» атты акция өткізілді.

Акцияға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөлімі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі, Рысқұлов, Тастұмсық ауылдық округінің мамандары, «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы» КММ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлері қатысты.

Акция аясында заң талаптарына сәйкес келмейтін бірқатар нысан иелеріне ескертулер жасалынып, коммерциялық обьектілерге әдістемелік көмек, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 416 рет