Бейсенбі, 25 Ақпан 2021 20:31

Түркістан: Созақ ауданында қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетілді

Созақ ауданында қар құрсауында қалған 50 жолаушыға көмек көрсетілді. Бұл туралы  Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Бүгін 16:00-де ауа райының күрт өзгеруіне байланысты жабылған КХ-2 «Ұланбел-Созақ-Екпінді» тасжолында «Шаян–Шолаққорған» арасында Таскөмірсай ауылынан шамамен 15 км қашықтықта қар құрсауында қалған «Шымкент–Степной бағытындағы автобус ішіндегі жолаушыларға және басқа да автокөліктердегі адамдарға көмек көрсетілді» делінген хабарламада.

Оқиға орнына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 6 қызметкер, 2 дана техника барды.

Төтенше жағдайлар департаменті мамандарының мәлімдеуінше, 1 автобус және 5 жеңіл автокөлігіндегі 50 жолаушы оның ішінде 3 бала болған. Қазіргі таңда қар құрсауында қалған жолаушыларға көмек көрсетіліп, Шолаққорған ауылына жеткізілді. Қаза тауып, жарақат алғандар жоқ.

ТЖД  қызметкерлері өз кезегінде тұрғындар дауылды ескертулерге құлақ асуға шақырад.

« Құрметті облыс тұрғындары, қала қонақтары ТЖД әлеуметтік желілерінде жарияланған дауылды ескертулерге және де ұялы телефондарыңызға келген дауылды ескертулерге құлақ түрулеріңізді, жолда қалып қойған жағдайда 101 немесе 112 байланыс нөміріне хабарласуларыңызды сұраймыз!»,-дейді мамандар.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 361 рет