Ауғандық жауынгерлердің өз Отанына, еліне деген адал махаббаты, ерліктері әрдайым келер ұрпаққа ұран болып келеді.
Жетісай ауданында «Ерлік мәңгі – ел жадында» айдарымен орталық саябақта өткен іс-шара ауған соғысында ерлікпен қаза топқан боздақтарға гүл шоқтарын қоюмен, 1 минуттық үнсіздікпен еске алумен басталды.
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 32 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты шарада Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков тәуелсіздік жолында сан ғасырлардан бері жаумен арпалысып, бүгінгі бейбіт заманды орнатып берген ата-бабамыз бен кешегі Ауған соғысында отансүйгіштіктің нағыз үлгісін көрсете білген боздақтардың теңдесі жоқ ерліктерінің керемет үлгілерін жас буынға дәріптеп, майдангерлерге аудан әкімі мен аудандық мәслихат хатшысының алғыс хаттарын табыс етті.
Ал, аудан өнерпаздары өз кезегінде кеш қонақтарына патриоттық әндер шырқап, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат