Жұма, 26 Ақпан 2021 17:08

Түркістан облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы онлайн жиын өтті

Түркістан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Túrkіstan - adaldyq alańy» аймақта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселесі бойынша онлайн жиын өтті.

Оған өңірдегі барлық мемлекеттік және жеке жоғары оқу орындары мен кәсіптік-техникалық білім мекемелерінің басшылары қатысты.

 Конференция жұмысында «Саналы ұрпақ - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің бастауы» мен «Білім саласында сапаны қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың жолы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет: парасат және комплаенс» пен «Білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері» талқыланды.

Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рақымбек Жолаев ТжКБ және орта білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен «Адал ұрпақ», «Саналы ұрпақ» клубтарының қызметіне тоқталып өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Түркістан облысының 62 колледжінде «Саналы ұрпақ» клубы құрылып, аталған клуб мүшелігіне 2848 білім алушы енгенін баяндады.

Клуб жұмысындағы басым бағыттарды іске асыру үшін ата-аналар арасында сауалнамалар жүргізіліп, осы бағытта колледж оқытушыларның қызметін бағалау жұмыстарын жүргізу бойынша студенттер арасында анонимді сауалнамалар жүргізіліп жатқанын жеткізді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 375 рет