Жұма, 26 Ақпан 2021 20:39

Түркістан: Дәрігерлер көпбалалы отбасыларға көмек бермек

Алматылық ақ халаттылар Отырар ауданының тұрғыдарына дәрігерлік кеңес беріп, көмек көрсетуде.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы қаласындағы А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының білікті мамандары, уролог-трансплантолог Ернұр Белгібаев пен  Ельшад Набиев  Отырар ауданының тұрғындарына дәрігерлік кеңес беруде. Білікті мамандар екі күн бойы Отырар ауданының тұрғындарын қабылдап, көмек көрсетеді.

Тәжірибелі мамандар несеп-тас ауруы, қуық асты безінің қатерсіз гиперплазиясы, қуық тас ауруы, бүйрек ісігі, қуық ісігі, бүйрек кистасы, бүйрек жетіспеушілігі секілді аурулар бойынша науқастарды медициналық тексеруден өткізеді.

Осылайша Отырар ауданында туып-өскен азаматтар жерлестеріне көмек қолын созып, қамқорлық көрсетіп жатыр. Ал, ең маңыздысы,  медициналық кеңес беруден түскен қаржыны осы аудандағы әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға табыстауды ниет етіп отыр.

Айта кетейік, Отырар ауданында 4 мыңнан астам көпбалалы ана бар.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 494 рет