Бұдан соң Рәміздер алаңында бұған дейін өткен #TurkistanTazaQala бастамасы аясындағы тазалық науқанына белсенді қатысқан азаматтар марапатталды. Бұл туралы yassy-tur.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.
«Отырар», «Бекзат», «Яссы», «Шавгар» және «Сауран» мөлтек ауданы тұрғындары, кәсіпкерлер қала әкімінің алғыс хатына ие болды.
Шаhар басшысы Рашид Аюпов өз сөзінде, жастарына қарамастан қолғабыс етіп жүрген үлкенді-кішілі азаматтарға алғысын білдірді. Ауа-райының салқындығына қарамастан көмек көрсетіп, жанашырлық білдіріп жүрген қала тұрғындарына алғысын білдіріп, әлі де жалғасатын тазалық науқандарында көпшілікке үлгі көрсете білуін өтінді. Сонымен қатар, тал егу жұмыстарына да қолғабыс етуге шақырды.Бүгін, қала әкімдігінің ұйымдастыруымен қала аумағында кең көлемде бүкілқалалық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл жолы тазалық жұмыстарына шыққан жастар мен қаладағы барлық мекеме қызметкерлері, мектептер мен балабақшалар, орта арнаулы оқу орындары қаламыздағы орталық көшелерінен бөлек, өздеріне бекітілген аумақты тазалап, жол жиегіндегі талдарды әктеп, осы күні қаламыз бір еңбек майданына айналды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат