Сенбі, 27 Ақпан 2021 23:15

Ордабасы: Елбасының бағдарламалары бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды

Түркістан облысы, Ордабасы ауданында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бағдарламалары бойынша атқарылған жұмыстар талқыланды. Бұл туралы Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ордабасы ауданында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында жүзеге асырылған жобалардың атқарылу деңгейін сараптау мақсатында жұмысшы топтың отырысы өтті.

Аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев төрағалық еткен алқалы жиынға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Ордабасы оттары» газетінің бас редакторы, аудандық маслихат депутаттары, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, дербес бөлім басшылары, Жастар орталығының, Өлкетану мұражайының басшылары, Түрік этно-мәдени орталығының төрағасы, ауыл округі әкім аппаратының жауапты мамандары қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес, аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері Гүлраушан Досқара баяндама жасап, 2020 жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы қоғам дамуына тың серпін беріп, барша қазақстандықтардың жаппай қолдауына ие болар тарихи бастама. Бұл игі бастаманы ел ішінде насихаттап, лайықты жүзеге асыру- баршамыздың міндетіміз.Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- деді Гүлраушан Досқара.

Жиын барысында 2021 жылдың жұмыс жоспары таныстырылып, ұсыныс-пікірлер талқыланды.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 437 рет