Жексенбі, 28 Ақпан 2021 13:38

Түркістан:220 шақырымға жуық канал мен қашыртқы тазаланады

Келес ауданы аграрлық өңір болғандықтан тұрғындардың басым бөлігі ауылшаруашылығы саласымен айналысады.

Ал ауылшаруашылығы саласының күре тамыры ағын су жүйелері болып табылады. Бүгінгі таңда Келес өңірінде 145 канал, 147 қашыртықы, 3 су бөгеті және 25 млн3 су сыйымдылыққа ие Ақылбексай су қоймасы бар. Шаруалардың басым бөлігі ағын суды Келес өзені сонымен қатар, магистралы үлкен Өзбекстан Республикасынан бастау алатын Зах су жүйесі, Ашынау каналы, Бозсу су жүйесі, Ақ қойлы, СТК және ВТК каналдарынан алады. Ирригация жүйесінде 2020 жыл басынан аудандық бюджет есебінен ұзындығы 91,9 шақырым болатын каналдар мен қашыртқылар механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, 350 га жер қайта айналымға түскен болса, 2 430 га жерге су өткізу мүмкіндігі жақсарды.2021 жылға аудан бюджеті есебінен ұзындығы 219,7 шақырым болатын каналдар мен қашыртқыларды механикалық тазалау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Нәтижесінде 885 га жер қайта айналымға түсетін болса, 4 845 га жерге су өткізу мүмкіндігі жақсаратын болады.

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 417 рет