Түркістан облысында өткен жылы 61 186 сәби туылған. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 9,6 пайызға көп. Яғни 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 29,72-ні құрады. Былтыр өңірде 13 463 отбасы неке құрса, оның ішінде 9 316 неке – ауылдық жерлерде, 4 147 неке – қалаларда тіркелген. Сонымен қатар, 2019 жылмен салыстырғанда 2020 жылы облыстағы ажырасу көрсеткіші 67,1 пайызға азайды.
Оның айтуынша, былтыр облыста 31 815 ұл (52%), 29 371 қыз (48%) дүние келген. Өңірде ұл балалардың көп туылу тенденциясы сақталуда.
«2021 жылғы 1 қаңтардағы көрсеткіш бойынша халық саны 2 млн 44 551 адамды құрады. Оның ішінде 20,4 пайызы – қалалық жерде, 79,6 пайызы – ауылды жерде тұрады. Демек, 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 28 514 адамға өскен. Өкінішке орай, пандемия салдарынан облыста өткен жылы қайтыс болғандар саны 13 007 адамға жеткен. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 24,9 пайызға көп»,- деді департамент басшысы. Бұдан бөлек, өткен жылы облысқа 33 738 адам келіп тіркелген. Ал 53 403 азамат басқа өңірге қоныс аударған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат