Қазығұрт ауданының бас имамы Әлімбеков Мұрат Әбүұлының бастамасы мен ауданның жас депутаттарының бірі Көбеев Данияр Әбдімүтәліпұлының демеушілік жасауымен Қонаев, Жанысбеков көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер көпірі қайта жөндеуден өтті.
Бұл туралы Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қайта пайдалануға берілген жаяу жүргіншілер көпірінің ашылуына Түркістан облысының бас имамы Қарақұлов Еркебұлан Ибрайымұлы арнайы келіп қатысты.
Аудан үшін атқарылып жатқан жұмыстар бұл ғана емес. Аудан әкімі Арман Абдуллаев жұмыс сапарымен Жаңабазар, С.Рақымов, Жігірген ауыл округтерінде болды. Алдымен Жаңабазар ауылындағы Кенен Әзірбаев орта мектебінде ауыл жұртшылығымен кездесуден бастады. Онда тұрғындар ауыл-аймақтардағы шешімін күткен әлеуметтік мәселелерді алға тартып, шешу жолдарын қарастыруды сұрады.
Барлық мәселелерді мұқият тыңдаған аудан басшысы Арман Айдарұлы ауыл болашағы үшін жасалып жатқан жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасын табатындығын жеткізді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат