Сенбі, 27 Ақпан 2021 16:33

Қазығұрт: Көпбалалы отбасыға азық-түлік үлестірілді

«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінде, жұмыс жоспарға сәйкес Қазығұрт аудандық мәслихат депутаты Сапаралиев Ғани Сейтқалиұлы қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға келген көп балалы,жалғыз басты ана Қазығұрт ауылының тұрғыны Г.Сейтова денсаулығының болмауына байланысты жұмыссыз, оның үстіне жасына толмаған баласы бар екендігін, әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айтып жүгінді.

Қызылқия аулының тұрғыны А.Жиенбаева үш баланың анасы,асыраушысынан айырлыған ана 21мың теңгенің көмегін алу үшін шаруа қожалығында жұмыс жасаған,шаруа қожалығы есебінен зейнетақы қорына ақша аударылмағандықтан тоқтатылып қалған,сол аударылмаған кезеңдер үшін зейнет ақысын аударып беруді сұранады.

Нәтижесінде көпбалалы ана Қазығұрт аулының тұрғыны Г. Сейтоваға бір реттік азық-түлік көмегі үлестірілді.

Қызылқия аулының тұрғыны А.Жиенбаеваға заң аясында түсініктеме берілді. Зейнетақы қорын аудармаған мекеменің басшысымен сөйлесіп төленген зейнетақының түбіртегін жіберетіндігі шешілді.

Қоғамдық қабылдауда болған аналар партия тарапына және де Қазығұрт аудандық мәслихат депутаты Сапаралиев Ғани Сейтқалиұлына алғыстарын жеткізді.

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 344 рет