«Ауыл - ел бесігі» бағдарламасы бойынша 31 жолды (35,6 шқ) орташа жөндеуден өткізу үшін құжаттары облыстық салалық басқармаға ұсынылды.
Нәтижесінде елді мекен көшелерінің жағдайы 43 пайызға жақсарады деп күтілуде.
Ауданда атқарылып жатқан игі істер бұл ғана емес. Ордабасы ауданы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және БАҚ (ақпараттық саясат) жөніндегі комиссияның алғашқы отырысы өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Азат Оралбаев төрағалық етті.
Комиссия отырысына аудандағы үкіметтік емес ұйым өкілдері, ұлттық этно-мәдени орталық төрағалары қатысты.
Күн тәртібіне сәйкес, алдымен аудан көлеміндегі үкіметтік емес ұйымдардың 2020 жылы атқарған жұмыстары сараланды.
Сонымен қатар, "Ардагерлер кеңесі", "Әйелдер кеңесі" қоғамдық бірлестіктерінің есепті баяндамалары тыңдалды.
Ордабасы ауданындағы үкіметтік емес ұйымдардың 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары және аудан көлеміндегі ҮЕҰ жұмысын ілгерілету бойынша ұсыныстар талқыланды.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат