Сенбі, 27 Ақпан 2021 17:57

Ордабасы: 2021 жылы ауданды дамытудың басым бағыттарының бірі - құрылыс жұмыстарының көлемін арттыру жоспарланып отыр

Облыстық бюджеттен 2021 жылы 2 нысан құрылысы басталады.

Былтырғы жылдан өтпелі нысандар:

- Шұбарсу ауылы 600 орындық мектеп құрылысы;

- Бадам ауыл округі, Дербес елді мекеніндегі С.Мұханов атындағы 300 орындық жалпы орта мектеп құрылысы;

- Бадам ауыл округі Бадам елді мекені Қажымұқан атындағы 200 орындық жалпы орта мектеп құрылысы;

- Шұбарсу ауылы «Б.Нұрлыбеков» мектебіне 200 орындық оқу корпусы құрылысы;

- Төрткүл ауылындағы 300 орындық мектеп құрылысы;

- Қызылжар елді мекеніндегі "Қызылжар" жалпы орта мектепке 300 орындық қосымша оқу корпусінің құрылысы;

- Бадам ауылындағы «Орда» мөлтек ауданының инженерлік-коммуникациялық жүелерінің құрылысы (су, электр, жол);

Облыстық бюджеттен 2021 жылы 2 нысан құрылысы басталады. Олар:

- Төрткүл ауылынан спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы;

- Қажымұқан ауылынан салынатын Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы мемориалдық кешенінің құрылысы;

Аудандық бюджеттен:

- Білім саласы бойынша-6 нысанға (Елшібек батыр-200 орындық, Ынтымақ ауылы-200 орындық, Шұбарсу-600 және 1200 орындық, Темірлан елді мекеніндегі Самал м/а -600 орындық, Бадам ауылынан Орда м/а -600 орындық мектеп құрылыстарына);

- Тұрғын үй құрылысы бойынша-3 жобаға ( Темірлан е/м 2 қабатты -10 үй, Шұбарсу е/м екі қабатты -10 үй, Темірлан е/м бір қабатты -10 үй);

- Инженерлік инфрақұрылым жүйелері бойынша-2 жобаға (Темірлан елді мекенінен 70 га жер теліміне, Шұбарсу елді мекенінен 80 га жер теліміне) жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленеді. 

 

Оқылды 348 рет