Сенбі, 27 Ақпан 2021 18:33

Түркістан: Дарбазада қайырымды іс жалғасуда

Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылдық округінде қайырымдылық шарасы өтті. Бұл туралы Сарыағаш ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қайырымдылық – адам бойындағы ізгі іске бағыттайтын алтын қақпа тәрізді. Қайырымды адам қашанда тура жолда, адамгершілік қасиетте жүреді. Қазақ халқы жетімі мен жесірін жылатпаған, жандары жаралы, мүгедек жандарды өмір атты тайғақ жолдан құлатпаған кемеңгер, парасатты халық. Қайырымы кең қазақ сынды халықтың әр баласы мен әр ұрпағы қол ұшын тигізіп, көмек беруге дайын тұрған. Осындай игі істі, ізгі жолда жүрген жандардың бірі  - "АУЕС" Өндірістік Кооперативінің ұжымы . Ұжым  Сарыағаш ауданы Дарбаза ауылдық округінде халықтың тұрмыс жағдайын басты назарға қойған ауыл әкімінің бастамасымен әлеуметтік жағдайлары төмен көп балалы, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, асыраушысынан айырылған отбасыларға 67 қап ұн ұйымдастырылып тарқатылды. Ауыл тұрғындары қайырымды игі іс жасаған "АУЕС" ӨК ұжымына ризашылығын білдіріп, кәсіптеріне береке тіледі.

«Қайырымдылығын жасап, өздерінің иман жүзді адам екенін білдіре білсе, жерімізде бақытты жандар көп өмір сүрері анық»,-дейді ауыл тұрғындары. 

«AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 356 рет