Сенбі, 27 Ақпан 2021 18:38

Сарыағаш: Өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды

Сарыағаш ауданы аумағында құрғақ шөптер (шөптесін өсімдіктер, қамыс) пен егістік қалдықтардың жану фактілерінің көбеюіне байланысты Сарыағаш ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің және Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірлесе аудан тұрғындарын ескерту мақсатында кең көлемде үгіт-насихат жұмыстары ұйымдастырылды.

Аталған өрт оқиғаларының басты себептері егістік алқаптарындағы қураған шөптерді өртеуден болып жатқандығы анықталып отыр, осыған байланысты, Бөлім қызметкерлері аудан тұрғындарын қатаң түрде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауын, сонымен қатар, өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу жағдайлары анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 410 бабымен әкімшілік шара қолданылатындығы туралы ескертеді.

Шөптесін өсімдіктерді, аңыз қалдықтарын, сабандарды өртеу жұмыстарын жүргізген жағдайда келесі өрт қауіпсіздік талаптар орындалу қажет:

1) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысын бастамас бұрын өз қызметкерлеріне, сондай-ақ осы іс-шараға қатысушыларға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау туралы, өрт сөндіру тәсілдері туралы нұсқаулық беру ұйымдастырылады;

2) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстарын орман алқаптарына іргелес учаскелерде жүргізген жағдайда, жұмыстарды жүргізгенге дейін бір тәулік бұрын орман иелеріне хабарланады;

3) ауыл шаруашылығы өртеу жұмыстарын жүргізу орындарында әр өрт сөндіру автоцистернасы немесе бейімделген техника, бір соқалы трактор, өрт сөндіргіштер, күректер есебінен өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған патрульдік бекеттер қойылады;

4) жұмыстар жүргізу алдында ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмысының аумағы ені кемінде 8 метр жолақпен жыртылады және ауданы 25 гектардан аспайтын учаскелерге бөлінеді;

5) орман алқаптары, орман белгілері, егістікті қорғау жолақтары мен егістіктердің өртейтін учаскелеріне іргелес көгалдандырушы екпе ағаштар кемінде 8 метр етіп жыртылады;

6) ауыл шаруашылығындағы өртеу жұмыстары желдің әсері 3 баллдан аспайтын (секундына 5 метр) болғанда, жыртылған учаскелерде жауапты адамдар мен жұмыскерлердің бақылауымен жүргізіледі;

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат 

 

Оқылды 501 рет