Күн тәртіпте екімәселе қаралды. Оның бірі жер қатынастары саласындағы мәселерді талдау. Сонымен қатар жер қатынастарын цифрландыруды жүзеге асыру.
Кәсіпкерлер палатасы мен облыстық прокуратураның біріккен отырысында сала мамандары жер туралы мәліметтердің қолжетімсіз, жабық екенін сынға алды. Кәсіпкерлер жер телімін сатып аларда ол жердің бос екенін анықтау үшін бірнеше мемлекеттік мекеменің табалдырығын тоздыратынын айтты. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында облыстық цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы жақында сандық жүйеге енгізделген порталды іске қоспақ.
Жер мәселесіне қатысты жүргізілген талдау, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылғанмен бұл мәселе өзектілігін жоғалтпаған. Жергілікті мемлекеттік органдар лауазымды тұлғалардың құқығына сыйымсыз әрекеттер мен әрекетсіздіктер салдарынан бизнес өкілдері зардап шегуде. Бизнес өкілдері өз ара даурығып, қазіргі таңда мәселесін алға тартып сотқа жүгінуге мәжбір болып отыр.
Мамандардың айтуынша, соңғы 2 жылда облыстық кәсіпкерлер палатасына 850-ге жуық кәсіпкерден шағым түскен. Оның 30%-ке жуығы жерге қатысты болған.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат