Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды. 7 наурыз күні кешкі сағат 19:30-да Әл-Фараби ауданы Ақмола көшесінде орналасқан тұрғын үйдегі газ талдағыштар дабыл соққан. Оқиға орнына «Интергаз Центральная Азия» АҚ-ның мамандары тексеру жүргізген. Тексеру барысында улы газдың мөлшері 0,3 пайызға шамадан тыс болғаны анықталған. Улы газ мөлшерінің арту себебі үй ішінде орнатылған тас пештің кранынан газ өткізуінен болған.
Оқыс оқиға кезінде үйде анасы мен екі баласы болған. Зардап шеккендер жоқ.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сәйкес, қаладағы 30 мыңға тарта тұрғын үй осындай ақылды газ талдайтын датчиктер орнатуды қажет етеді.
«AQ-QARA.KZ»-ақпарат