Сенбі, 10 Сәуір 2021 17:20

Шымкент: Бәйдібек би – Арғынбеков қиылысында жолайрық салу жұмыстары пысықталды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар жол нысандарының құрылыс барысын аралап көрді.

Шаһар басшысы алдымен Бәйдібек би даңғылы мен Ұ.Арғынбеков көшесінің қиылысында салынатын жолайрықың жобасымен танысты.

Бәйдібек би – Арғынбеков қиылысында көлік жолайрығын салу құрылысының 1-ші кезеңіне жауапты мердігер мекеме – «Казахдорстрой» ЖШС. Құрылыс аумағының ұзындығы Бәйдібек би даңғылы бойынша - 700, Арғынбеков көшесі бойынша – 921 м.

Құрылыс 2020-2022 жылдар аралығына жоспарланған. Жалпы құны –11,4 млрд теңге. 2021 жылға қаралғаны – 200 млн теңге. Жалпы 61 жер телімін қайтару қажеттігі туындауда.

Негізгі жолды жабуға дейін биыл мамыр-қыркүйек айлары аралығында ағаштарды тамырымен жұлу, 3-4 съездердегі байланыс желілерін қайта жайластыру, Арғынбеков көшесіндегі 3-ші съездегі тіреу қабырғасын салу жұмыстарын жүргізу жоспарда.

Сонымен қатар, қазан-желтоқсан айлары аралығында Арғынбеков көшесінің бойындағы 3-ші съездің тіреу қабырғасын салу, туннель бойынша жер жұмыстарын жүргізу көзделуде. 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

Оқылды 83 рет