Сенбі, 10 Сәуір 2021 22:41

Шымкент: Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық дамыту саласына енген жаңа реформалары бойынша семинар-кеңес өтті

Шымкентте 2021 жылдың 9-10 сәуірінде Қазақстан Республикасы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық дамыту саласына енген жаңа реформалары бойынша ВКС (бейне-конфернц байланыс) тәсілімен семинар–кеңес өткізілді.

Семинарға қатысушылар:

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Әбілханұлы;

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ-ның төрағасы Нурбек Нұржанұлы Сериков;

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың Қазақстандық орталығы» АҚ-ның департаментінің Басшысы Марғұлан Жеңісұлы Абдыкаримов қатысып, жаңадан енген келесі реформалар боынша:

"Бір үй - бір бірлестік-бір шот" қағидаты бойынша "мүлік иелерінің бірлестігі" коммерциялық емес ұйымның жаңа нысанын құру жолымен басқару органдарының қызметін реттеу бойынша;

- кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізудің жаңа тетігін енгізу;

басқару органдары қызметінің ашықтығын арттыру және үй-жайлардың меншік иелері тарапынан кондоминиум объектілерін басқару органына бақылауды қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрғын үй құқықтық қатынастары субъектілерінің арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту туралы презентация жасап, Шымкент қаласының тұрғындарына түсіндірді. 

 «AQ-QARA.KZ»-ақпарат

 

 

Оқылды 332 рет