Жексенбі, 18 Сәуір 2021 21:50

Шымкент: Аудандарда тазалық жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласына қарасты аудандарда үздіксіз тазалық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Атап айтар болсақ, Қаратау ауданы аумағында аулаларды абаттандыру, қоқыстан тазарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Бүгін Асар аумағы мен Бозарық саяжай, Бозарық тұрғын алабы мен Тұран, Қайтпас, Нұртас шағын аудандарында санитарлық тазалау жұмыстары және күл-қоқыстарды жинау жұмыстары атқарылуда. Тазалық жұмыстарына жалпы 80 жұмысшы, 12 техника жұмылдырылды.

Аудан әкімдігі тұрғындарға тазалыққа немқұрайлы қарамай, бірлесе атсалысуға шақырады.

Сондай-ақ, Еңбекші ауданындағы 27 көшеде тазалық жұмыстары жүргізілді.

Еңбекші ауданында көктем мезгіліндегі санитарлық тазалық жұмыстары жалғасуда.

Тазалық шарасында көпқабатты үй ауласы мен ішкі орам көше бойларындағы жасыл аймақ, жаяу жүргіншілер жолы қоқыстан тазартылды.

Бұл күні жалпы 27 көше, 3400 метр аяқжолдар мен 17,4 шақырым ирригация және арық жүйелері тазаланды.

Жұмысқа барлығы 22 техника жұмылдырылды.

 «AQ-QARA.KZ»- ақпарат

 

Оқылды 302 рет