Оған қала әкімдігінің құрылымдық басқармалардың, аудан әкімдігінің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ЖОО студенттері қатысуда.
Іс-шарада жасыл аймақты, аяқжолдарды, ирригация жүйелерін, сынған бұтақтарды және қоқыстардан арылту, қала аумағындағы саябақтар, гүлзарлар және аллеялар, «Қошқар ата» өзені жағалауының тиісті бөлігін тазалау жұмыстары жүргізілді.
Сенбілік іс-шарасы "Жасыл қала" акциясы аясында ұйымдастырылып отыр.
Қаланы таза ұстау – баршаға ортақ міндет. Қоршаған ортаға жанашырлық таныту, тұрғылықты мекенжайымызды таза ұстау - азаматтық борышымыз
Сондай-ақ, 1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні және "Жасыл қала" акциясы аясында ұйымдастырылған іс-шарада қала әкімі М.Әйтенов түрлі этнос өкілдерімен бірге ағаш отырғызып, қаланың көркеюіне өз үлесін қосты.
Онымен бірге, бүгін шаhардағы ескі қалашық аумағында "Shymkent" этноауылы ашылып, жұмысын бастады.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат