Сенбі, 01 Мамыр 2021 14:49

Шымкент: Әлеуметтік сала қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке белсенді қатысты

1 мамыр- Қазақстан халықтары бірлігі күні өткен жалпықалалық сенбілікке Шымкент қаласының әлеуметтік сала қызметкерлері белсенді түрде қатысты.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының және басқармаға бағынысты мекемелердің қызметкерлері қаладағы көшелерді қоқыстан тазартып, шаһар тазалығына үлес қосты.

Әлеуметтік қорғау саласының ұжымынан 25 адамнан құралған арнайы топ қажетті құрал-саймандарын сайлап, өздеріне тиесілі аумақты тазартып шықты.

Осылайша сала қызметкерлері мегаполистің қоршаған ортасын таза ұстауға, экологияның жақсаруына қолғабыс жасады.

Жалпықалалық сенбіліктің мақсаты – қоршаған ортаның ластануына жол бермей, қаламыздың көркеюіне атсалысу.

Айта кету керек, Шымкент қаласының барлық аудан аумағында сенбілік іс-шарасы өтуде. Оған қала әкімдігінің құрылымдық басқармалардың, аудан әкімдігінің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ЖОО студенттері қатысуда.

Іс-шарада жасыл аймақты, аяқжолдарды, ирригация жүйелерін, сынған бұтақтарды және қоқыстардан арылту, қала аумағындағы саябақтар, гүлзарлар және аллеялар, «Қошқар ата» өзені жағалауының тиісті бөлігін тазалау жұмыстары жүргізілді. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 226 рет