Сенбі, 01 Мамыр 2021 15:39

Шымкент: «Бадам аллеясының» құрылысы таныстырылды

Бүгін Шымкент қаласы, Абай ауданындағы "Бадам аллеясының" құрылысы көпшілікке таныстырылды.

Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.

Бадам өзені жағалауының аллеясына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, құрылыс барысының аумағымен танысты.

Жалпы аллея "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына" тарту ретінде жеке инвестордың есебінен салынуда және 4 негіз бойынша бой көтермек.

Олар:

1. Спорт алаңшасының жалпы аумағы - 20х24, спорт алаңшасы - 12х24. Спорттық элементтер: варкаут және тренажер

2. "Ғашықтар" аллеясының жалпы аумағы - 2 гектар.

3. Бадам өзенінің жағалауын абаттандыру және демалыс аумағына айналдыру. Жалпы ұзындығы 4 шақырымды қамтиды.

4. "Балалар" алаңшасы.

Айта кету керек, осы жылдың шілде айынан бастап "Қазығұрт" елді мекенінің (бұрынғы Карл Маркс бөлігі) тұрғындарына аллеяның алғашқы нысандары қызмет көрсете бастайды. Ал, алдағы 2 жыл уақыт шамасында толық пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 329 рет