Бұл туралы Шымкент қаласының Ақпарттық-коммуникациялық орталығы хабарлайды.
Абай ауданы аумағында мобильдік топ карантин талаптардың орындалуын бақылау барысында, қалалық Бас санитарлық дәрігердің қаулысында көрсетілген талаптарды сақтамай жұмыс істеп жатқан бірнеше кәсіпкерлік субъектілер анықталды.
Атап айтқанда Қазиев көшесінің бойында орналасқан Рахат моншасы мен URBO кафе бары шекті уақытты сақтамағандығы және кальян қолдану фактісі тіркелді.
Аталған жағдай бойынша мобильді топ тарапынан заң бұзушылық фактісі 102-ге тіркеліп, кәсіп иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК 425 бабына сәйкес түсініктемелері алынып, тиісті мекемелерге шара қолдану үшін жолданды.
Қазіргі таңда аудан аумағында 20 сәуірмен бүгінгі таңға дейін карантин талаптарын бұзған 50 кәсіпкерлік нысанға әкімшілік хаттама толтырылып, 11 нысанның жұмысын тоқтату бойынша хабарлама берілген.
Бұл бағыттағы жұмыстар Абай ауданында тұрақты түрде жүргізілуде.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат