Жұма, 07 Мамыр 2021 12:06

Шымкент: Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік акция өтті

Шымкентте 7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік акция өтті.

"Сәлем хат!" акциясын қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы ұйымдастырған.

"Көл" субұрқағы маңындағы қоршаулар түрлі-түске боялып, құттықтаулар мен сәлем хаттар ілінген. Онда қаладағы мәдениет ошақтарының қыз-келіншектері ағаларына, інілеріне, әкелері мен замандастарына деген ізгі тілектері мен құттықтауларын қағазға түсірген.

- Бұл идеяны басқарма басшысы Ханзада Есенова ұсынды. Ондағы мақсатымыз - аналардың, қыз-келіншектердің әскердегі ұлдарына, аға-інілеріне деген сағынышын, махаббаты мен құрметін жеткізу. Арулардың сәлем хаттарынан олардың ыстық ықыластары көрініс табады. Қазіргі жағдайға байланысты карантин талаптары сақталуда. Болашақта дәстүрге айналдыруды жоспарлап отырмыз, - деді Шымкент қалалық мәдениет үйі директорының орынбасары Марат Оразметов.

Акция аясында "Қазына" би тобының өнерпаздары елдегі арулардың әскердегі замандастарын күтіп алу сәтінен сазды-сахналық көрініс қойды. Ақжарма тілектер төгілді. 

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 408 рет