Дүйсенбі, 10 Мамыр 2021 12:30

Шымкент: Төрт аудан аумағында тазалық жұмыстары жүргізілуде

Шымкент қаласында санитарлық тазалық жұмыстары тұрақты назарда.

Барлық аудан аумағында көше бойын, аулаларды, саябақтарды, су арналарын тазалау жұмыстары ұдайы жүргізілуде. "Build Stroi" ЖШС қызметкерлері қаланың 4 ауданында тазалық жұмыстарын атқаруда. Оған 40 техника, 350 адам жұмылдырылған.

Атап айтқанда, мекеме тарапынан Темірлан тас жолы, Қатын көпір, Қошқар ата аумағы ретке келтірілді.

Сондай-ақ, "Атырау групп" ЖШС 3 техника және 16 қызметкерімен күнделікті су арналарын тазалау жұмыстарын жүргізуде.Қаланың бет-бейнесі - тазалықта. Қала тұрғындарын тазалыққа үлес қосуға, қоршаған ортаны қорғауға шақырамыз.

Сондай-ақ, алада су арналарын тазалау жұмыстары атқарылуда.Атап айтқанда, Қошқар ата, Қасқасу каналдары тазаланып, ретке келтірілді.

Бүгінгі таңда қала аумағында су арналарын тазалауға жауапты мекеме - "Атырау групп" ЖШС. Аталған жұмыстарға 4 техника, 23 адам жұмылдырылған.

Тазалық - қала көркі. Қала тұрғындарын қоршаған ортаны қорғауға, тазалыққа жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 494 рет