Сәрсенбі, 07 Шілде 2021 13:37

Шымкент: Қайнарбұлақ елдімекенінде электр бағаналары орнатылуда

Шымкент қаласы, Қайнарбұлақ елдімекені тұрғындары сапалы электр қуатымен қамтылуда. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Айта кету керек, Шымкент қаласын 2023 жылға дейінгі кешенді дамыту жоспарына сәйкес Қайнарбұлақ елдімекенін сапалы электр қуатымен қамту құрылысы қарқынды жүргізіліп жатыр.  Жоба құны – 2,195 млн теңгені құрап отыр. Қазіргі уақытта мердігер мекеме «Turan Energo Group» тарапынан электр бағаналарын орнату жұмыстары атқарылып жатыр.

Нысан құрылысы 2022 жылдың II тоқсанында толығымен аяқталып, Қайнарбұлақ елдімекенінің тұрғындары сапалы электр қуатымен қамтылатын болады деп жоспарлануда.

Сонымен бірге, аталған елдімекенді табиғи газ және ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Мемлекеттік сатып алу конкурсы арқылы «МПК проект» ЖШС-і анықталған. 2022 жылы жобаға сараптама қорытындысын алып, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс беріледі. Құрылыс жұмыстары 2022-2023 жылдары жүргізілетін болады. 

 «AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 466 рет