Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Отырысқа Сайрам ауданының мәжіліс депутаты Оразбаева Ұлдана, Ақбұлақ а/о ветеринариялық бекет меңгерушісі Бегимкулова Зайда , ару әжелер, әйелдер төрайымы Бекмуратова Алия және жас аналарымыз қатысты. Отырыстың мақсаты болашақ ұрпағымызды тәрбиелеуші жас аналарға тәлім тәрбие жағын түсіндіру және еңбекке баулу.
Жұмыстың басым бағыттары арасында - Жұмыспен қамту, әйелдерді қоғамдық және кәсіпкерлік қызметке барынша тарту, отбасылық құндылықтарды нығайту және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері айтылды
Әсіресе әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шараларына ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, қиын жағдайға тап болған отбасыларға психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ әйелдерді үйдегі зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі мәселелері кеңінен талқыланды.
«AQ-QARA.KZ» - ақпарат