Сәрсенбі, 23 Маусым 2021 14:19

Түркістан: Сарыағаш ауданында мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Сарыағаш аудан әкімдігінің мәжіліс залында 23-маусым Мемлекеттік қызметшілер күніне орай сақтық шараларын сақтай отырып салтанатты шара өтті.

«Құрметті мемлекеттік қызметкерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елге қызмет ету – абыройлы міндет. Алаштың көрнекті қайраткері, үш арысымыздың бірі Әлихан Бөкейханов «Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден» деген екен. Әрбір мемлекеттің дамуына мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі мен салмағы ерекше екені даусыз. Өңіріміз кәсіби біліктілігі мен білімі жоғары мамандармен танылып үлгерген болатын. Мемлекеттік қызметші атану, адамның жан-жақты білімді, жауапкершілігі мол және білікті әрі кәсіби маман болуын талап етеді. Осындай айтулы мереке мемлекеттік қызметшінің беделін нығайтуға және патриотизмін арттыруға ықпал етері сөзсіз. Қажырлы еңбекті қажет ететін саладағы жұмыстарыңыз үшін алғыс айтамын. Мемлекеттік қызметші – билік пен халықты жалғайтын алтын көпір. Сондықтан да халыққа қызмет ету міндетімізді бар жауапкершілікпен жалғастыруға шақырамын. Барлығыңызға жаңа табыстар жолында дендеріңізге саулық, отбастарыңызға бақыт тілеймін», – деді өз сөзінде аудан әкімі Мұхит Баймұханбетұлы.

Аталған мерекеге орай аудан басшысы мемлекеттік қызмет саласында еңбек етіп жүрген бірқатар мемлекеттік қызметшілерге Алғыс хаттар мен гүл шоқтарын табыстады.

Жиын соңында мемлекеттік қызметке жаңадан келген қызметшілер салтанатты түрде ант қабылдады.

«AQ-QARA.KZ» - ақпарат

 

Оқылды 340 рет