Жұма, 21 Қазан 2022 22:36

Отырар: елдімекендердің 86 пайызы сапалы ауыз сумен қамтылған

Жыл сайын аудандардың бір жылда әр саладағы атқарылған шаруалар бойынша көрсеткіштері болатыны белгілі. Бұл аудандарды дамыту жоспарларының қаншалықты орындалып жатқанының нақты көрсеткіші бола алады.

Біз төменде Отырар ауданындағы тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі саласы бойынша 1 жылда атқарылған жұмыстарды көрсетіп, алда тұрған міндеттеріне толыққанды мәлімет бере кетуді жөн көріп отырмыз.  

 

1. Газдандыру жұмыстары

Ауданды табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында 2014-2017 жылдары АГТС салынып, Шәуілдір елді мекеніне дейін 51,4 шақырым газ құбыры тартылған.

2018-2022 жылдар аралығында құрылыс жұмыстары басталған  21 нысанның бүгінгі таңға 12 (Ақтөбе, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Ш.Қалдаяқов, Қарақоңыр, Қоғам, Мыңшұқыр, Ынталы, Талапты, Отырар, Бестораңғыл, Арыс (Ақтам)) нысаны аяқталған.

9 елді мекеннің (Шәуілдір, Темір, Арыс, М.Шойманов, Қарғалы, Көкмардан, Шытты, Сарыкөл, Сырдария) құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Есепті кезеңге 8 елді мекенге (Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Ақтөбе, Ш.Қалдаяқов, Қарақоңыр, Қоғам, Ынталы, Мыңшұқыр) табиғи газға тұрақты берілуде. Кезектегі 5 елді мекенді (Шәуілдір, Темір, Талапты, Бестораңғыл, Ақтам) табиғи газ беру үшін тиісті құжаттар әзірленіп, газға қосу жұмыстары  жүргізілуде.

2022 жылға Сырдария өзенінің батыс бөлігінде орналасқан 12 елді мекенді (Аққұм, Жанкел, Көксарай, Ызакөл, Шеңгелді, Қостерек, Бестам, Маяқұм, Үштам, Көлқұдық, Балтакөл, Ақкөл)  газдандыру мақсатында техникалық шарт алуға сұраныстар беру жұмыстары жүргізілуде.

 

2. Ауыз сумен қамту

Отырар ауданы бойынша 38 елді мекеннен 33 елді мекен (86,8%) немесе 52 955 адам орталықтандырылған ауыз сумен, яғни, сапалы ауыз сумен қамтылған.  Олар:

1.                  «Теміржолсу Арыс» ЖШС арқылы – 6 елді мекен. Ауыз судың бекітілген тарифтік бағасы 58,18 теңге/м3

(Ақшоқат, Отырабат, 37-разъезд, Ұзынқұдық, Қостүйін, Қарақоңыр)

2.                  «Отырар-Қызмет» МКК арқылы – 15 елді мекен Ауыз судың бекітілген тарифтік бағасы 74,97 теңге/м3;

 (Балтакөл, Көлқұдық, Үштам, Маяқұм, Шеңгелді, Көксарай, Аққұм, Ш.Қалдаяқов, Жаңа Шілік, Ескі Шілік, Ақтөбе, Сарыкөл, Отырар, Ақтам, Қостерек):

3.                  Шәуілдір топтастырылған су жүйесі өндірістік бөлімшесі арқылы -12 елді мекен (Шәуілдір, Мыңшұқыр, Қоғам, Ынталы, Талапты, Арыс, Шойманов, Шытты, Көкмардан, Қарғалы, Темір, Бестораңғыл) ауыз су қамтылған. Ауыз судың бекітілген тарифтік бағасы 268,128 теңге/м3 ҚҚС-мен, одан тұрғындардан 40 теңгеден жиналып, қалған құны субсидияланады. Қалған 5 елді мекеннің 4 елді мекенінің жер асты су қоры бекітілген (Бестам, Ызакөл, Жанкел, Сырдария).

Жер асты су қоры анықталған 4 елді мекеннің 3 елді мекенін (Бестам – 204,645 млн теңге, Ызакөл – 194,405 млн теңге, Жанкел – 196,912 млн теңге) ауыз сумен қамту үшін ЖСҚ әзірленген.

2022-2023 жылдарға 3 елді мекенге (Бестам, Жанкел, Ызакөл) әзірленген жұмыс жобалары жүзеге асырылуда.         

Қарақоңыр ауыл округі, Сырдария  елді мекенін ауыз сумен қамту мақсатында, ауыз су ғимараты құрылысы үшін жоспарланған жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін қайтару жұмыстары жүргізілуде.

Ақкөл елді мекеннің жер асты су қорына геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен тиісті қаржы 2021 жылдан қаралып, жұмыстар атқарылуда, жоспарлы аяқталу мерзімі – 2023 жыл.

          

3. Автокөлік жолдары

Аудан көлеміндегі автокөлік жолдардың жалпы ұзындығы – 822,18 шақырым.

2021 жылы ұзындығы - 16,111 шқ болатын 21 ішкі көшелерге (сметалық құны- 266,3 млн тг) ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесімен, қанағаттанарлық жағдайда автокөлік жолдарының ұзындығы 640,26 шқ немесе 77,9% құрады.

2022 жылы ұзындығы - 18,504 шқ болатын 26 ішкі көшелерге (сметалық құны- 303,8 млн тг) ағымдағы және орта жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Нәтижесімен, қанағаттанарлық жағдайда автокөлік жолдарының ұзындығы 640,26 шқ немесе 80,1% құрайды.

Ауыл округі атауы

Көше атауы

Сметалық құны, мың теңге

Ұзындығы,    метр

ені

Жұмыс түрі

1

Ақтөбе

1

17 219,1

810,0

 

 

 

 

Ақтөбе е/м Бірлік көшесіне орта жөндеу

17 219,1

810,0

4,7

Асфальт төсеу

2

Аққұм

1

16 359,0

1 066,0

 

 

 

 

Аққұм е/м Л.Оспанов көшесіне орта жөндеу

16 359,0

1 066,0

4,7

Асфальт төсеу

3

Балтакөл

1

30 054,4

1,3

 

 

 

 

Балтакөл е/м Т.Әбуова көшесіне орта жөндеу

30 054,4

1,3

7

Асфальт төсеу

4

Көксарай

2

33 027,6

2 495,0

 

 

 

 

Ызакөл е/м Тәуелсіздік көшесіне ағымдағы жөндеу

7 159,3

1 300,0

5

Тас төсеу

 

 

Көксарай е/м Нұр көшесіне орта жөндеу

25 868,2

1 195,0

4,5

Асфальт төсеу

5

Қарақоңыр

2

14 537,5

885,0

 

 

 

 

Ш.Қалдаяқов е/м Шаттық көшесіне орта жөндеу

5 064,4

350,0

4,7

Асфальт төсеу

 

 

Ш.Қалдаяқов е/м Сақов көшесіне орта жөндеу

9 473,1

535,0

4,5

Асфальт төсеу

6

Қарғалы

2

8 834,9

864,0

 

 

 

 

Қарғалы е/м Бейбітшілік көшесіне ағымдағы жөндеу

3 619,4

324,0

4,7

Тас төсеу

 

 

Отырар е/м Сулы-кесік көшесіне ағымдағы жөндеу

5 215,6

540,0

5

Тас төсеу

7

Қоғам

2

18 180,8

1 773,0

 

 

 

 

Қоғам е/м Ынтымақ көшесіне ағымдағы жөндеу

8 205,8

1 123,0

5

Тас төсеу

 

 

Мыңшұқыр е/м №2 көшесіне орта жөндеу

9 974,9

650,0

4,7

Асфальт төсеу

8

Маяқұм

1

34 466,3

1 800,0

 

 

 

 

Маяқұм елді мекені Т.Бойтанов көшесін орта жөндеу

34 466,3

1 800,0

4,7

Асфальт төсеу

9

Отырар

2

17 931,7

2 040,0

 

 

 

 

Арыс е/м Асанқайғы көшесіне ағымдағы жөндеу

7 073,0

840,0

5

Тас төсеу

 

 

М.Шойманов е/м Сырым Батыр көшесіне ағымдағы жөндеу

10 858,7

1 200,0

5

Тас төсеу

10

Талапты

2

10 792,3

700,0

 

 

 

 

Көкмардан е/м Болашақ көшесіне орта жөндеу

5 396,1

350,0

4,7

Асфальт төсеу

 

 

Көкмардан е/м Бірлік көшесіне орта жөндеу

5 396,1

350,0

4,7

Асфальт төсеу

11

Темір

2

30 576,2

2 000,0

 

 

 

 

Темір е/м Ы.Мызанбаев көшесіне орта жөндеу

10 767,2

700,0

4,7

Асфальт төсеу

 

 

Темір е/м Жаңа көше көшесіне орта жөндеу

19 809,0

1 300,0

4,7

Асфальт төсеу

12

Шілік

2

26 582,8

1 600,0

 

 

 

 

Жаңа Шілік е/м Қажымұқан көшесін орта жөндеу

20 321,5

1 200,0

4,7

Асфальт төсеу

 

 

Жаңа Шілік е/м Ж.Жабаев көшесін орта жөндеу

6 261,3

400,0

4,5

Асфальт төсеу

13

Шәуілдір

6

41 715,3

2 528,0

 

 

 

 

Шәуілдір е/м С.Сейфуллин көшесін орта жөндеу

13 044,7

640,0

4,7

Асфальт төсеу

 

 

Шәуілдір е/м Р.Әбдіраймов көшесін орта жөндеу

11 779,9

800,0

4

Асфальт төсеу

 

 

Шәуілдір е/м Қ.Жақсылықова көшесін орта жөндеу

5 420,7

348,0

4,5

Асфальт төсеу

 

 

Шәуілдір е/м Ж.Тұяқбаев көшесін орта жөндеу

4 679,2

300,0

4,5

Асфальт төсеу

 

 

Шәуілдір е/м Саржайлау көшесін орта жөндеу

3 756,8

240,0

4,5

Асфальт төсеу

 

 

Шәуілдір е/м Қ.Мұңайтпасов көшесін орта жөндеу

3 034,0

200,0

4,5

Асфальт төсеу

Жиынтығы

26

300 277,8

18 562,3

 

 

 

4. Абаттандыру жұмыстары

Аудан аумағын абаттандыру мен сырттан келуші туристерге қолайлы орта қалыптастырудың бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, Шәуілдір ауылындағы Жібек жолы даңғылын абаттандырудың 3, 4, 5 кезеңдері, Шәуілдір ауылындағы орталық саябақтар мен ойын алаңшаларын абаттандыру жұмыстары атқарылды.  

2021 жылы Шәуілдір, Қоғам, Аққұм, Шойманов, Көкмардан, Отырар, Ақтөбе ауылдарында көп функционалды ойын алаңшалары орнатылды.

Сондай-ақ, Шәуілдір ауылындағы М.Мәметова көшесін, Ақтөбе ауылы М.Әлімбеков көшесін абаттандыру жұмыстары аяқталды.

Шәуілдір ауылындағы Ұ.Арғынбеков даңғылының 1,9 шақырымы және Ынталы ауылындағы Ұ.Арғынбеков даңғылының 1,77 шақырымын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстары жалғасады.

2022 жылы Шәуілдір ауылы М.Әуезов көшесіне және Қоғам а/о, Мыңшұқыр ауылына көп функционалды спорттық ойын алаңшалары орнатылып, пайдалануға берілді.

2022 жылға абаттандыру жұмыстары жүргізілетін нысандар

қ/с

Нысан атауы

Құны

1

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Темір а.М.Әлиев көшесін абаттандыру жұмыстары

94151,5

 2

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл а.спорт алаңшасын абаттандыру

18786,0

3

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Талапты а.о., Шытты е.м.балалар ойын алаңшасын орнату

24648,8

 4

Түркістан облысы, Отырар ауданы, Қарғалы а.о., Қарғалы а.спорт алаңшасын абаттандыру

19786,1

 5

Отырар ауданы, Маяқұм а/о, Қостерек е.м.спорт алаңшасын абаттандыру

19786,1

 

Барлығы

177158,5

 

           5. Жылумен қамту

Шәуілдір ауылындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың орталық жылу жүйелері де заман талабына сай шешімін таппай келді. Бүгінге дейін аталмыш нысандарды жылыту үшін жер асты су қорына геологиялық іздеу-барлау жұмыстары жүргізілмеген термалды ыстық су ұңғысын пайдаланды. Су қоры қыс айларында (қаңтар-ақпан) дебеті төмендеу салдарынан орталықтандырылған жылу жүйесіне толық қызмет көрсету мүмкіндігі шектелді. Аталған ұңғы суының құрамында йодтың шамадан тыс болуына сәйкес жылу жүйесінің темір құбырларын қысқа мерзімде жарамсыздандырды. Есепті жылы, аталған мәселелер түбегейлі шешімін тауып, «Шәуілдір ауылындағы орталықтандырылған жылу жүйелерін қайта құру» (Жоба құны – 704 302,0 млн теңге) және «ОҚО, Отырар ауданы, Шәуілдір ауылындағы көппәтерлі тұрғын үйлерді, әлеуметтік мәдени нысандарды жылыту үшін жылу қазандығын салу және орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу» (Жоба құны – 278 862,0 млн теңге) жұмыс жобалары жүзеге асырылды. Нәтижесімен алдағы Шәуілдір ауылындағы  көпқабатты тұрғын үйлер мен мәдени-әлеуметтік маңызы бар нысандар (22 көп қабатты тұрғын үй, 257 пәтер, 16 мемлекеттік мекемелер, 52 кәсіпкерлік құрылымдар) жаңа жылу жүйесіне қол жеткізді.

Отырар ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Отырар-Жылу» МКК-мен көрсетілетін коммуналдық қызметтерінің бекітілген тарифтері:

Жылу энергиясымен қамту

Шәуілдір ауылы – жеке тұлғалар – 55,03 теңге/м3

Заңды тұлғалар – 3856,17 теңге/м3

Мыңшұқыр ауылы – жеке тұлғалар – 15,46 теңге/м3

Су бұру қызметімен қамту

Жеке тұлғалар – 58,34 теңге/м3

Заңды тұлғалар – 154,15 теңге/м3

6. Электр саласы бойынша 

 Отырар ауданында 38 елді мекен (100,0%),  орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Аудан көлемінде иесіз электрмен қамту нысандары анықталмаған.

2022 жылға «Отырар ауданы, Қоғам ауыл округі, Қоғам е.м. Ұ.Арғынбеков даңғылындағы (ауыл әкімшілігі мен Арыстанбаб кесенесі аралығы) жаңа тұрғын үйлер алабын электрмен қамту желілерінің құрылысы» (сметалық құны – 18,087 млн теңге) және «Отырар ауданы, Темір ауыл округі, Темір е.м. Р.Әбдірайымов көшесіндегі (күн батыс бөлігі) жеке тұрғын үйлерді электрмен қамту құрылысы» (сметалық құны – 28,051 млн теңге) жұмыс жобаларын жүзеге асырылылып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Темір 35/10 қосалқы электр станциясына 2500 кВА трансформатор орнату, Отырар ауыл округі Арыс елді мекені Н.Төреқұлов көшесін электрмен қамту және Отырар ауыл округі М.Шойманов елді мекені Сырым батыр көшесін электрмен қамту нысандары жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.

 

7. Тұрғын үй саласы

Ауданымызда көпқабатты тұрғын үйлерде меншік иелері бірлестіктерімен жәй серіктестіктерді құру бағыты бойынша, 2021 жылы Отырар алқабы газетіне және Аудан әкімдігінің Фейсбук парақшасына хабарландырулар беріліп,   25 көпқабатты үйде 25 жай серіктестік ашылды.

Отырар ауданы бойынша жалпы 40 көп қабатты тұрғын үйлер бар. Оның ішінде 25 үй кондоминиум нысаны ретінде әділет басқармасында 2012-2013 жылдары тіркелген. Қалған 13 көп қабатты коммуналдық тұрғын үйлер 2014-2019 жылдары салынып, 222 пәтер тұрғын үйге мұқтаж азаматтарға берілген,  2 көп қабатты қызметтік үй 2019 жылы пайдалануға беріліп, 24 қызметтік пәтер азаматтарға берілді.

   2012 жылы Отырар ауданындағы көп қабатты тұрғын үйлерді ҚР «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы аясында көп қабатты тұрғын үйлерге жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында әр үйлерде төрағалар сайланып, «Фараб Отырар» үй жайлар иелерінің кооперативі құрылған. Жоғарыда аталған бағдарлама аясында 2012 жылы 9 үйдің шатырына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.  Қазіргі таңда 9 үйге жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары үшін қаржы қайтару жұмыстары «Отырар-Сервис» ЖШС арқылы жүргізілуде.

01.09.2022 жылғы жағдайға 1821  азамат  тұрғын үйге мұқтаж азаматтар кезектілігіне тіркелген. Оның ішінде:

- жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 29;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасылар – 404;

- халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтары – 690;

- мемлекеттiк қызметшiлерге, бюджеттiк ұйымдардың қызметкерлерi – 696;

- жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылғандар – 2.

 

8. Жолаушылар тасымалы

Ауданда әлеуметтік 2 ауданішілік бағыт айқындалған.

Ауданішілік бағыттарға қызмет көрсететін 3 қоғамдық көлік бар. Оның 3-уі (100%) 7 жылға дейінгі автокөліктер. 2021 жылы бірде-бір қоғамдық көлік жаңартылған жоқ. 2022 жылға аудандық бюджеттен 3,6 млн.теңге субсидия қаралған.

Аудан бойынша тек қана Шәуілдір ауылында автобекет бар, ал қалған ауылдарда автовокзал, автобекет немесе жолаушыларға қызмет көрсету пункті жоқ.

«AQ-QARA.KZ»ақпарат»

Оқылды 389 рет