Дүйсенбі, 21 Қараша 2022 08:31

ЖҰМЫССЫЗ ЖҮРСЕҢІЗ, ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСЫҢЫЗ

Шымкент қаласы әкімдігі «Халықты жұмыспен қамту» орталығы қандай жұмыспен қамту шараларын жүзеге асыруда?

Ұлттық жоба аясында жұмыссыздық санын азайту мақсатында субсидияланатын жұмыс орындары келесі бағыттар бойынша ұйымдастырылған.

1.Жастар практикасы – 3 жыл ішінде оқуын аяқтаған және алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ колледждер мен жоғары оқу орындарының түлектеріне арналған. Ұзақтығы: 12 айдан аспайды. Жалақы: 30 АЕК. Сондай-ақ 29 жастан аспаған жұмыссыздар қатыса алады.

2.Осал топтарға арналған «Әлеуметтік жұмыс орындары» - жұмыс беруші тағайындаған жалақының 35% мемлекет субсидиялайды, Бұл ретте, субсидия көлемі 20 АЕК аспайды.

3.Қоғамдық жұмыс орындары - жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін жұмыспен қамту орталықтары ұйымдастыратын әлеуметтік пайдалы жұмыс.

4.«Алғашқы жұмыс орындары» жобасы - белгілі бір жағдайларға байланысты оқымайтын, жұмыс жасамайтын жастарды тұрақты жұмысқа орналастыру шартымен ұйымдастырылады.

5. Ұрпақтар келісім шарты - жұмыс істейтін зейнеткерлік жасқа жақындаған қызметкерлерден жинақталған тәжірибе мен дағдыларды беру үшін арнайы құрылған жұмыс орны.

6. «Күміс жас» - бағдарлама аясында зейнеткерлікке шығуға 2 жыл қалған азаматтар уақытша жұмыспен қамтылады.

Осы және өзгеде жұмыспен қамту шаралары туралы толығырақ @zhumispen.kamtu парақшасынан біле аласыздар. Айта кетейік, 2022 жылдың шілдесінде қалада 22 075 жұмыссыз тіркелді, жұмыссыздық деңгейі бес пайызды құрады. Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шеңберінде 2022 жылы 33 500 адамды жұмысқа орналастыру жоспарланды. Іс жүзінде 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 22 448 адам жұмысқа орналасты, яғни жоспар 67 пайызға орындалды, бірақ жыл әлі аяқталған жоқ. "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 2022 жылы 1900 адамды оқыту жоспарланса, бүгінде жеті мыңнан астам қала тұрғыны онлайн-оқытудан өтті. 1150 ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар өтеусіз негізде беріледі деп күтілуде. Осы жылдың 1 қыркүйегінде гранттар 398 үміткерге берілді. Бүгінде жұмыспен қамтуға байланысты бірқатар жобалар жүзеге асырылуда. Субсидияланатын жұмыс орындарында барлығы 4652 адам жұмыс істейді. Оның 124-і әлеуметтік жұмыс орындарына орналастырылды. 1916 жас маман "Жастар практикасы" бағдарламасы бойынша түрлі мекемелерге жіберілді. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 2309 адам, "бірінші жұмыс орны" жобасы бойынша 278 адам, "Ұрпақтар келісімшарты" жобасы бойынша 10 адам, "Күміс жас"жобасы бойынша 15 адам жұмысқа орналастырылды. Жалпы бос және жаңа жұмыс орындарына 23 239 адам орналастыру жоспарлануда. Бұл ретте 7017 адам немесе 35,8 пайызы тұрақты жұмысқа орналасты.

Оқылды 417 рет