Дүйсенбі, 10 Қазан 2022 15:32

Түркістанда түрлі санаттағы әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді

Түркістан қаласында 13537 зейнеткер тұрады. Оның ішінде:Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектері -4;соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер - 343;тыл еңбеккерлері-499;Көп балалы аналар-13 172. Оның ішінде: алтын алқа-622;күміс алқа-2275;батыр аналар-80;1-2 дәрежелі ана даңқы орденімен марапатталған аналар-112;18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны-10083.

«Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 4/17-VII шешіміне сәйкес бір реттік қаржылай әлеуметтік көмек беріледі. 8 наурызда (Халықаралық әйелдер күнiне) – 3089 анаға біржолғы 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төлем жүргізілді.

 

Қала деңгейінде ардагерлерді сауықтыру мақсатында  жолдамамен қамтамасыз етілген. 2022 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерлерге 500 жолдама бөлініп, («Ардагерлер» үйіне 260, «Мейір» ардагерлер үйіне 240 жолдама) ағымдағы жылдың бірінші желтоқсанында «Мейір» ардагерлер үйіне -44, «Ардагерлер»  үйіне -46 жолдамамен қамтамасыз етілді. 4 ардагер  басылымға тегін жаздырылды.Мүгедектігі бар азаматтардың  жалпы саны-8870 адам. Оның ішінде:1-топ мүгедектер – 695, 2-топ мүгедектер – 3541, 3-топ мүгедектер – 2907, 16 жасқа дейінгі бала мүгедегі- 435, 8 жасқа дейінгі 1,2,3 топтағы бала мүгедегі - 1292.

Мүгедектігі бар адам ол – тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам. Мүгедектігі бар бала ол - тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегіз жасқа дейінгі адам. Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту бұл - мүгедектігі бар адамдардың тіршілік-тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға, олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені.

Мүгедектердің жалпы саны- 8870, болса олардың 4456  оңалтудың жеке бағдарламасы бекітілген- олар 100%  ЭЦҚ қамтылған. Қазіргі таңда «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы техникалық көмекші құралдармен және арнайы қызметтермен қамтамасыз етіліп, өнім берушілерге төлем жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда ОЖБ 52,4% орындалған.

Аталмыш салалардағы өзекті мәселелерге тоқталып өтер болсақ,санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету бойынша 2312 адамға ОЖБ түзілген 2022 жылға 431 адамға жолдамаға қаржы 75 132,0 мың тенге (РБ 27 280,0 мың теңге, ОБ 24 879,0 мың теңге, ЖБ 22 973,0 мың теңге) қаралған. Қазіргі таңда жалпы 827 адам өтініш білдіріп 431 қамтамасыз етілуде, 396 адам  кезектілікте тұр және жолдамамен қамтамасыз етуге қаржы жеткіліксіз. Сондықтан, Мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге қосымша 425  жолдамаға  (1 жолдама құны 175000 теңге) 74 млн 375 мың теңге қаржы қарастыру қажет екен. Өзекті мәселенің тағы бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы 40 нысан бейімдеуден өткізу белгіленген, орындалуын қамтамасыз ету. Бұл бойынша арнайы жұмысшы топ құрылып, жұмыстар атқарылуда. 40 нысанның 21 мемлекеттік, ал 19 жеке меншіктегі объектілер. Мемлекеттік меншіктегі 7 нысан бейімдеуге жататындығы анықталып, қалған нысан иелеріне кемшіліктерді жою бойынша ескерту хат берілуде.

Жекеленген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады:«Ардагерлер туралы» ҚР 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VІ Заңы, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 1992 жылғы 18 желтоқсандағы  N 1787-ХІІ Заңы ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» N 39 Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» № 26 бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № 84 бұйрығы.

Енді, жоғарыда аталған санаттағы азаматтарымыздың мәселелеріне жеке-жеке тоқталып, оны шешу үшін мемлекет билігі қандай әрекет жасап жатқанына, қандай заңнамалық өзгерістер болып жатқанына, әлеуметтік төлемдердің есебіне тоқталып өтсек.

БҰҰ балалар қорының (ЮНИСЕФ) дерегінше, әлемде кедей отбасының 90 пайызы көпбалалы екен. Ал елімізде 6 миллион баланың 1 миллионы кедей отбасында өмір сүріп жатыр. Мамандардың айтуынша, олардың басым көпшілігі көпбалалы отбасылардан шыққан. Қазіргі уақытта елімізде 487 мыңнан астам отбасы көпбалалы екенін ескерсек, онда бұл - бүгіннің өзекті мәселесі екені анық. Содан да болар, Мемлекет басшысы биылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында еліміздің болашағы саналатын балаларға ерекше көңіл бөлді. Мәселен, сарапшылар Ұлттық қордан қаржы бөлу де балалардың болашағына құйған инвестиция әрі әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына әсер етеді дейді. Осы орайда, қазіргі кезде еліміздегі көп баласы бар отбасылар мемлекеттен қандай көмек ала алады, әр балаға неше теңге жәрдемақы берілетіні жөнінде айта отырсақ.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, мемлекеттің көпбалалы аналарға көрсетіп отырған қысқа мерзімді көмегі – жәрдемақы төлемі. Көпбалалы отбасылардың табысын есепке алмай берілетін бұл мемлекеттік жәрдемақы төлемі 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап беріле бастаған еді. Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы төлемдерін биыл орта есеппен 501,5 мың отбасы алып отыр. Бұл мемлекеттік жәрдемақыны кім ала алады? 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент баласы бар отбасылар табысына қарамастан, үміткер бола алады.Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді. Көпбалалы отбасы болу үшін отбасында кем дегенде 4 бала болуы керек. Оларға – 50 975 теңге төленсе, ең көбі 16 балаға – 203 520 теңге немесе әр балаға 12 720 теңге алып отырады.

Бала туғанда берілетін біржолғы жәрдемақы

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы республикалық бюджет есебінен жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін әйелдерге төленеді. Бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 116 394 теңге, төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 192 969 теңге. Ал отбасында егіз, үшем, төртем дүниеге келсе, біржолғы мемлекеттік жәрдемақы әр сәбиге жеке-жеке төленеді.

Ай сайынғы бала күтіміне төленетін жәрдемақы

Бұл жәрдемақы балаға қарайтын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатыспаған жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлерге тағайындалады. Қазір бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы сәби бір жасқа толық толғанға дейін төленеді. Бірінші балаға – 5,76 АЕК немесе 17 643 теңге; екінші балаға – 6,81 АЕК немесе 20 859 теңге; үшінші балаға – 7,85 АЕК немесе 24 044 теңге; төртінші және одан кейінгі балаларға – 8,90 АЕК немесе 27 261 теңге.

Айта кетейік, декретке дейін жұмыс істеген әйелдердің бала күтіміне байланысты алатын ай сайынғы әлеуметтік төлемі бөлек. Яғни, соңғы 2 жыл ішіндегі жалпы табысты 24 айға бөліп, мемлекет бекіткен 0,4 коэффициентке көбейтіп, одан шыққан сомадан 10% зейнетақы жарнасын алып тастау арқылы есептеледі. Ұлттық статистика бюросының (2015-2019 жылғы жарияланым) мәліметі бойынша, балалардың 15%-ы табысы ең төмен отбасыларда тұрады. 2019 жылы Қазақстанда 6 110 156 бала (0-17 жас) тіркелгенін ескерсек, 916 523 бала кедейлік деңгейінде өмір сүреді. ЮНИСЕФ-тің 2019 жылғы есебінде Қазақстанда 15,6% бала кедейлік деңгейінде өмір сүреді деп көрсеткен. Осы ретте, мемлекет ана мен баланы қорғауға бағытталған әлеуметтік салада бірқатар қадам жасап жатыр.

Жолдауда не айтылды?

Мемлекет басшысының осы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бірқатар тапсырма берілді. Атап айтқанда 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақы және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем төлеу мерзімдері бір жарым жасқа дейін ұлғайтылатын болды. Ана мен баланы қолдаудың осы және басқа да шаралары ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасында қарастырылады. Бұдан бөлек, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы әйелдерге ай сайын берілетін мемлекеттік жәрдемақы көлемі де артады. Министрлік оны 7,4 АЕК-ке дейін көбейтуді жоспарлап отыр. Қазіргі мөлшері - 6,4 АЕК (19 603 теңге). Сонымен қатар «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, І және ІІ дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар тұрғын үйді мемлекеттік тұрғын үй қорынан алуға немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үйді алуға бірінші кезекте құқылы.

Қорыта келе, қазіргі таңда елімізде көпбалалы отбасыларды қолдаудың кешенді моделі құрылғанын көруге болады. Оған мемлекеттік жәрдемақылар жүйесі, МӘСҚ-тен төленетін әлеуметтік төлемдер, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шаралары, салық салу кезіндегі жеңілдіктер және азаматтар өмірінің барлық кезеңдерінде әлеуметтік қорғаудың басқа да шаралары кіретінін атап өткен жөн. Сондай-ақ алдағы уақытта, әсіресе көпбалалы отбасылардың мәселесі мен оларға берілетін жәрдемақы мөлшері үнемі мемлекет бақылауында болмақ.

Енді мүгедектерге және оларға күтім көрсетушілердің жағдайына ойссақ. Бірінші топтағы мүгедектерге күтім көрсетуші адамдарға ең төменгі күнкөріс деңгейінде жаңадан арнаулы жәрдемақы енгізілді. Аталған көмек бөгде адамның тұрақты көмегіне мұқтаж І топтағы мүгедектігі бар азаматтарға арналған. Биыл жәрдемақы мөлшері 50 426 теңгені құрады. Бұл көмек күтім жасайтын 198 адамға тағайындалды. Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы мынадай жағдайларда тағайындалмайды. Егер күтуші кәмелеттік жасқа толмаса, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрса, І топ мүгедегі толық мемлекеттік қамсыздандыруында болған жағдайда ала алмайды. Сонымен қатар 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы сырқатының дәрежесіне қарай 37 процентке дейін ұлғайтылды. Жалпы облыс бойынша 7 жастан 16 жасқа дейінгі 3080 балаға мүгедектік топ белгіленген. Бүгінгі таңда 478 балаға мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы берілді. Айта кететін жайт, «ҚР зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізіліп, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға күтім жасау кезеңі 18 жасқа дейін ұзартылды.

2022 жылы бір жасқа дейінгі бала күтімі және көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақылар туралы айтсақ, бала туғанда берілетін жәрдемақының мөлшері: Бірінші, екінші және үшінші балаға - 38 АЕК (116 394 теңге); Төртінші және одан да көп балаларға - 63 АЕК (192 969 теңге). Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы бала күтімін жүзеге асыратын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын жұмыс істемейтін әйелдер мен ер азаматтарға тағайындалады.

Жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлер үшін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақының мөлшері:

Бірінші балаға - 5,76 АЕК (17 643 теңге)

Екінші балаға - 6,81 АЕК (20 859 теңге)

Үшінші балаға - 7,85 АЕК (24 044 теңге);

Төртінші және одан жоғары - 8,90 АЕК (27 261 теңге).

Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасылар үшін жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады:

Төрт балаға - 16,03 АЕК (49 100 теңге);

Бес балаға - 20,04 АЕК (61 382 теңге);

Алты балаға - 24,05 АЕК (73 665 теңге);

Жеті балаға - 28,06 АЕК (85 948 теңге);

Сегіз және одан да көп балаға - 32,06 АЕК (98 200 теңге), оған қоса әрбір келесі балаға 4 АЕК-тен.

«Алтын алқа» (7 және одан да көп бала туған және тәрбиелеген), «Күміс алқа» (6 бала туған және тәрбиелеген) алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге ай сайын 6,4 АЕК (19 603 теңге) мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы

Асыраушысынан айрылу және мүгедектік жағдайы бойынша айлық жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан тағайындалады.

2022 жылы мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері:

1-топ - 1,92 ПМ (69 155 теңге)

2-топ - 1,53 ПМ (55 108 теңге)

3-топ - 1,04 ПМ (37 459 теңге).

Мүгедек балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін өседі.

Сондай-ақ, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделеді. Қазір мүгедектігі бар балалар ата-аналары ажырасқан кезде бір мезгілде алименттер мен мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алады. Алайда, бір немесе екі ата-ана қайтыс болған кезде бала мүгедектігі бойынша жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы ала алады.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы:

Отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған жағдайда 0,86 ПМ (30 975 теңге) мөлшерінде;

Отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне екі – 1,49 ПМ (53 667 теңге) болған кезде;

Отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне үш – 1,85 ПМ (66 633 теңге) болған кезде;

Отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне төрт – 1,96 ПМ (70 595 теңге) болған кезде;

Отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне бес – 2,03 км (73 116 теңге) болған кезде;

Алты және одан көп болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,11 км (75 998 теңге).

Ата-анасының екеуі де айырылған жағдайда жетім балаларға асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы әр балаға 1,18 ПМ (42 501 теңге) мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне - 0,54 ПМ (19 450 теңге) мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,56 ПМ (92 206 теңге) аспайтын мөлшерде тағайындалады.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне - 16 АЕК (49 008 теңге);

Басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне - 4,8-ден 6,19 АЕК-ке дейін (14 702-ден 18 960 теңгеге дейін);

Жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға - 6,19 АЕК (18 690 теңге);

Жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға - 7,55 АЕК (23 125 теңге)

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен), қайта некеге тұрмаған жауынгерлердің жесірлеріне - 4,48 АЕК немесе 13 722 теңге;

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына, бейбіт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына, Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына, сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 4,59 АЕК (14 059 теңге);

Қайтыс болған ҰОС мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамның зайыбына, сондай – ақ қайтыс болған ҰОС қатысушының, партизанның, астыртын күрескердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруы, еңбекте мертігуі және басқа да себептері (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтың қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) - 2,56 АЕК (7 841 теңге)

Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі «Даңқ» ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдарға  - 138,63 АЕК (424 624 теңге);

Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға - 138,63 АЕК (424 624 тенге);

«Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға - 138,63 АЕК (424 624 теңге);

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен наградталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға - 2,13 АЕК (6 524 теңге);

Мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда - 1,49 АЕК (4 564 теңге);

Байқоңыр қаласында тұратын жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда - 0,96 АЕК (2940 теңге);Байқоңыр қаласында тұратын 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда: бірінші және екінші топтарда - 1,49 АЕК( 4 564 теңге); Үшінші топта - 0,96 АЕК (2 940 теңге);Саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға - 1,07 АЕК (3 277 теңге);Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға - 1,07 АЕК (3 277 теңге);Бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын тұлғаларға - 1,4 ПМ (50 425 теңге). Бұдан басқа, ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әсер етеді, ол тиісінше өседі.

Қарттарды, мүгедектерді стационарлық үлгідегі ұйымдарда емдеу, санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету жолдарын мемлекет бұрыннан өз мойнына алып келе жатқаны белгілі. Тіпті, бұл мәселені жүйелі түрде шешу үшін «Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартын» да жасап қойған. Енді осы стандартта көрсетілген жалпы ережелер мен стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттарын назарларыңызға ұсынуды жөн көріп отырмыз.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Халықты әлеуметтік қорғау саласында стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 23.12.2021 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Стандарт стационарлық жағдайда тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруға арналған, мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында стационарлық үлгідегі ұйымдарда (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйымдар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және шарттарын белгілейді, стационарлық үлгідегі ұйымдарға:

      1) психоневрологиялық ауытқулары бар үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі – балалар);

      2) тірек-қимыл аппараты бұзылған үш жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

      3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);

      4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарды (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдар);

      5) егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарды (бұдан әрі – қарттар) қабылдау, ұстау, шығару (шығарып жіберу), уақытша шығу және ауыстыру шарттарын айқындайды.Жоғарыда көрсетілген санаттар бірлесіп қызметтерді алушылар болып аталады.

2-тарау. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну шарттары

      3. Стационарлық үлгідегі ұйымдарда бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну қызметтерді алушының тұрғылықты жері бойынша аудандардың, облыстық және республикалық маңызы бар қалалардың (астананың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің (бұдан әрі – жұмыспен қамту бөлімдері) жолдамалары бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік емес меншік нысанындағы стационарлық үлгідегі ұйымдар қызметтерді алушыларды қабылдауды шарт негізінде жүзеге асырады.

      5. Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілді көлемін ұсыну үшін өмірлік қиын жағдайда жүрген адам (отбасы) тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөліміне мынадай құжаттарды беру жолымен жүгінеді:

      1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қызметтерді алушының жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің (ата-анасының біреуі, қамқоршының немесе қорғаншының, асырап алушының, баланы қабылдайтын ата-ананың, патронат тәрбиешінің және "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес қамқор болуды, білім беруді, тәрбиелеуді, баланың, он сегіз жастан асқан адамның құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын алмастырушы басқа да адамдардың) (бұдан әрі – заңды өкілі) өтініші немесе медициналық ұйымның қолдаухаты;

      2) сәйкестендіру үшін қызметтерді алушының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) бар жеке басын куәландыратын құжаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат;

      3) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы.

      Жұмыспен қамту бөлімі өтінішті қабылдау кезінде ЖСН бойынша "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – ақпараттық жүйелер) мынадай:

      1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

      2) мүгедектікті белгілеу туралы;

      3) мүгедектігі бар адамға абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасында (бұдан әрі – ОЖБ) әзірленген іс-шаралар туралы;

      4) он сегіз жастан асқан адамдар үшін - соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);

      5) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін зейнетақы жасы туралы;

      6) Ұлы Отан соғысының ардагері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагері, "Ардагерлер туралы" Қазақстан Республикасы Заңның (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы (Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар үшін) мәртебесін растайтын мәліметтерді алу үшін сұрау салуды қалыптастырады.

      Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде өтінішке он сегіз жастан асқан адамдар үшін - адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса) қоса беріледі.

      Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен бірге ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін медициналық картадан басқасы өтініш берушіге қайтарылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.08.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы Стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасы сәйкес болған жағдайда жұмыспен қамту бөлімінің маманы "Е-собес" автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – "Е-собес" ААЖ) өмірлік қиын жағдайда жүрген адамның (отбасының) өтінішіндегі деректерді енгізеді.

      7. Жергілікті атқарушы орган арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы шешім шығарған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қызметтер алушының тұрғылықты жері бойынша жұмыспен қамту бөлімі қызметтер алушыға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеу туралы және әлеуметтік қызметтер порталында (http://aleumet.egov.kz) (бұдан әрі – портал) авторизациялау және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Мобильдік азаматтар базасында қызметтерді алушының абоненттік нөмірі туралы мәліметтер болған кезде қызметтерді алушыға СМС-хабарлама беру арқылы "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген ұялы байланыс абоненттік құрылғысының телефон нөміріне "Е-Собес" ААЖ-дан порталда авторизациялау және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдау қажеттігі туралы хабарлама қосымша жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін қызметтерді алушы он жұмыс күні ішінде ЭЦҚ арқылы порталда авторизацияланады және стационарлық үлгідегі ұйымды таңдайды. Қызмет алушыда интернет-ресурсқа қолжетімділік болмаған жағдайда, қызметтер алушы жұмыспен қамту бөлімінің өзіне-өзі қызметтер көрсету секторына жүгінеді. Бос орын болған кезде қызметтерді алушы он бес жұмыс күні ішінде стационарлық үлгідегі ұйымға келеді. Қызметтер алушының белгіленген мерзімде стационарлық үлгідегі ұйымға келуге физикалық қабілеті (ауруы, емдеуге жатқызылуы) болмаған жағдайда, қызметтер алушы стационарлық үлгідегі ұйымды хабардар етеді және оған келу мерзімін қосымша күнтізбелік отыз күнге дейін бір рет ауыстыру мүмкіндігі беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушының сырқаттануына, ауруханаға жатқызылуына байланысты белгіленген мерзімде стационарлық үлгідегі ұйымға келуге физикалық қабілетсіздігі туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының, заңды өкілінің (кәмелетке толмағандар мен әрекетке қабілетсіз адамдар үшін) ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы стационарлық үлгідегі ұйымға жіберіледі. Қызметтер алушы стационарлық үлгідегі ұйымға белгіленген мерзімде келмеген жағдайда кезек келесі қызметтер алушыға өтеді. Таңдалған стационарлық үлгідегі ұйымда бос орын болмаған жағдайда, қызметті алушы ЭЦҚ арқылы порталда авторизациялау жолымен өз бетінше кезекке тұрады. Стационарлық үлгідегі ұйымда орын босаған кезде кезекте бірінші тұрған қызмет алушыға стационарлық үлгідегі ұйымға он жұмыс күні ішінде келу қажеттігі туралы смс-хабарлама жіберіледі.

ОЖБ мерзімі өткен порталда кезекте тұрған қызмет алушылар қайта куәландырудан өтеді және алдыңғы кезекті сақтай отырып (стационарлық үлгідегі ұйымда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге ОЖБ болған кезде) порталда тіркеледі. Он сегіз жасқа толған және стационарлық үлгідегі ұйымдарда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымға кезектен тыс қабылданады. Егер кезекке қойылған күннен бастап бір айдан астам уақыт өтсе, онда қызметтерді алушыны стационарлық үлгідегі ұйымға ресімдеу кезінде қызметтерді алушы осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайтадан медициналық тексеруден өтуі қажет. Қызметтерді алушыда медициналық қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, жұмыспен қамту бөлімінің арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну туралы шешімі қызметтерді алушы онда медициналық қарсы көрсетілімнің жоқ екені туралы куәландыратын осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картаны ұсынғанға дейін тоқтатыла тұрады.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.08.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      8. Қызметтер алушы стационарлық үлгідегі ұйымды таңдаған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыспен қамту бөлімі бюджет қаражаты есебінен арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын стационарлық үлгідегі ұйымға мынадай құжаттарды жолдайды:

      1) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсыну туралы шешімі;

      2) амбулаториялық картадан немесе сырқатнамадан үзінді көшірмесімен қоса осы Стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық картасы;

      3) ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған жағдайда, осы Стандарттың 5-тармағының 3 абзацында көрсетілген құжаттар.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Стационарлық жағдайда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге мұқтаж балаларды және (немесе) ТҚА бұзылған балаларды және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарды стационарлық үлгідегі ұйымның әкімшілігіне тапсырған кезде заңды өкілі мынадай құжаттардың түпнұсқаларын ұсынады:

он сегіз жастан асқан адамдар үшін – ЖСН-і бар жеке басын куәландыратын құжат, соттың адамды әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі (бар болса);балалар үшін – ЖСН-і бар туу туралы куәлік және "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарына сәйкес нысан бойынша профилактикалық егу картасы.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, басқа мемлекеттердiң аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, сондай-ақ жеңiлдiктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Заңның 8-бабының 1) тармақшасында санамаланған қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылар мәртебесінің болуы туралы арнаулы әлеуметтік қызметтер стационарлық үлгідегі ұйымдарда бірінші кезекте беріледі.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.08.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Жоба қуаты 6-дан 30-ға дейінгі орындары бар өз бетінше тұруды сүйемелдеу бөлімшелеріне (бұдан әрі – Бөлімше) өз бетінше тұруды сүйемелдеу қызметтерін ұсыну туралы шешімді стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының бағалау кешені және мониторингі негізінде стационарлық үлгідегі ұйым қабылдайды.

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 134 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13527 болып тіркелген) Арнаулы әлеуметтік көрсетілетін қызметтерге мұқтаждықты бағалау мен айқындау қағидаларына сәйкес айқындалған қызмет алушының өзіне-өзі қызмет көрсетуге және (немесе) өз бетінше жүріп-тұруға қабілетсіздігі және басқа адамдарға толық тәуелділігі Бөлімшеде тұруына қарсы көрсетілім болып табылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 16.06.2021 № 213 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Стационарлық үлгідегі ұйымдар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуі кезінде:

      1) қызметтерді алушылардың жеке басына қолсұғылмаушылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

      2) стационарлық үлгідегі ұйымдарда қолайлы моральдық-психологиялық жағдай жасау;

      3) қызметтерді алушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, олардың жеке даму, әлеуметтену және интеграциялану деңгейін арттыруға бағытталған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету;

      4) көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен тиімділігін арттыру;

      5) мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтендіру, тұрмысты, еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру және демалыс уақтын, әлеуметте өзара әрекет етуін барынша қолдау сақталады.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.08.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Стационарлық үлгідегі ұйымнан қызмет алушыларды шығару:

      1) қызметтерді алушылардың жазбаша өтініші, ал кәмелетке толмаған және әрекетке қабілетсіз адамдар үшін – заңды өкілінің жазбаша өтініші;

      2) мүгедектік алынған немесе үшінші топ мүгедектігі (он сегіз жастан асқан адамдарға және мүгедектігі бар адамдарға) белгіленген, медициналық ұйым мүгедектігі бар адамның денсаулық жағдайын бөгде адамның көмегінсіз еңбек қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей жақсарған деп таныған жағдайда және қызметтерді алушылардың тұрғын үй аумағы және өмір сүруге қаражаты болғанда;

      3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, балалар мен ТҚА бұзылған балалар кәмелетке толғанда;

      4) ақылы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету туралы келісімшарт бұзылған жағдайда;

      5) қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда жүзеге асырылады.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.08.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      14. Қызметтерді алушылардың жеке уәждемесі бойынша уақытша (үш айға дейінгі мерзімге) шығуына стационарлық үлгідегі ұйым дәрігерінің қорытындысы ескеріле отырып, мүгедектігі бар адамдар мен қарттардың стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігіне жазбаша өтінішінің, ал балалар мен он сегіз жастан асқан адамдар үшін – заңды өкілдерінің, жақын туысының жазбаша өтінішінің негізінде рұқсат етіледі.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.08.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Арнаулы әлеуметтік қызметтер бюджет қаражаты есебінен көрсетілетін қызметтерді алушылар болмаған уақытта стационарлық үлгідегі ұйым басшысының тиісті бұйрығымен олар үлестен шығарылады және үлеске алынады.

      16. Бюджет қаражаты есебінен ұсталатын қызметтерді алушыларды бір өңірде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйымнан елдің өзге өңірінде орналасқан стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру тиісті өңірлердің облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы уәкілетті органдарының (бұдан әрі – уәкілетті органдар) келісім бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 14.01.2022 № 9 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Қызметтерді алушыларды одан әрі оңалту үшін басқа ұйымға бір жылға дейінгі мерзімге жіберу туралы шешімді қабылдаушы тараптың қызметтерді алушыларды ұстау және оларға қажетті күтімді қамтамасыз ету туралы жазбаша міндеттемесі болған кезде стационарлық үлгідегі ұйым тәртіпаралық комиссияның қорытындысын есепке ала отырып, стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігі қабылдайды.

      18. Стационарлық үлгідегі ұйымда тұруға медициналық қарсы көрсетілімдері болған кезде қызметтерді алушылар зерттеу жүргізу және стационарлық немесе амбулаториялық емдеу мәселесін шешу үшін мамандандырылған медициналық ұйымға жолданады.

      19. Бала он алты жасқа толған кезде стационарлық үлгідегі ұйым әкімшілігі оның жеке куәлігін ресімдеуді қамтамасыз етеді.

      Он сегіз жасқа толған, оның ішінде ТҚА бұзылған балалар медициналық ұйымның және медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясының қорытындыларына сәйкес қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және (немесе) он сегіз жастан асқан адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін стационарлық үлгідегі ұйымдарға қабылданады не үйіне шығарылады (жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда).

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.08.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      20. Стационарлық үлгідегі ұйымда тұратын қызметтерді алушылар мүгедек деп танылған жағдайда жұмыспен қамту бөліміне өтініш ұсыну жолымен "Е-собес" ААЖ-да тіркелуге жатады. "Е-собес" ААЖ тіркелгеннен кейін қызметтер алушылар кезектілікті белгілемей, порталда стационарлық үлгідегі ұйымға ресімделеді.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.08.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Қарттар мен мүгедектер мынадай жағдайларда:

      1) стационарлық үлгідегі ұйымдарда Ішкі тәртіп қағидаларын тұрақты (үш реттен артық) түрде бұзған, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды әкелген және қабылдаған, тауарлық-материалдық құндылықтарды және өзге мүлікті бүлдірген, құқыққа қарсы әрекеттер жасаған, сондай-ақ қызметтер алушыда "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 7-2) тармақшасында көзделген құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуға шектеу болған жағдайда;

      2) мүгедектігі бар адамдар мен қарттар спиртті ішімдікке салынудың немесе есірткі заттарын қолданудың салдарынан соттың шешімі бойынша әрекетке қабілеттілігі шектеулі деп танылған кезде шығарылуға жатады.

      Әрекет қабілеттілігінің шектелуі соттың шешімі бойынша жойылған жағдайда адам жалпы негізде қайта қабылданады;

      3) қамқорлықтағылар стационарлық үлгідегі ұйым аумағынан өз бетімен шығып кеткен және екі тәуліктен астам уақыт бойы болмаған кезде шығарылуға жатады.

      Стационарлық үлгідегі ұйым аумағынан шығып кеткен адам осы Стандарттың 2-тарауына сәйкес жалпы негізде қайта қабылдануы мүмкін, ал дәлелді себептер бойынша ол жөнінде хабардар етуге мүмкіндігі болмаған адам дереу қайта қабылдануға жатады.

      Ескерту. 21-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 29.12.2020 № 547 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 23.12.2021 № 488 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.08.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      22. Осы Стандарттың 21-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша стационарлық үлгідегі ұйымнан шығарып жіберілген қызметтерді алушылар осы Стандарттың 2-тарауында көзделген тәртіппен, бірақ олар шығарып жіберілгеннен кейін күнтізбелік бір жыл өткен соң ғана стационарлық үлгідегі ұйымға қабылданады.

      23. Қызметтерді алушыларды шығару (шығарып жіберу), уақытша шығару немесе басқа стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру стационарлық үлгідегі ұйым басшысының бұйрығы негізінде жүзеге асырылады және "Е-собес" ААЖ-да белгі қойылады.

      Бұл ретте міндетті түрде шығару немесе ауыстыру эпикризі, стационарлық үлгідегі ұйым мамандарының ұсынымдары ресімделеді, олар мүгедектігі бар адамдарға мен қарттардың қолына не қызметтерді алушыларды қабылдайтын тарапқа беріледі.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 11.08.2022 № 307 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      24. Шығару, уақытша шығару немесе басқа стационарлық үлгідегі ұйымға ауыстыру кезінде қызметтерді алушыларға жеке және маусым бойынша өзіне бекітілген киімі мен аяқ киімі, стационарлық үлгідегі ұйымда сақталған құнды заттары (құжаттары) беріледі.

 

Оқылды 280 рет