Дүйсенбі, 07 Қараша 2022 20:12

Түркістан қаласында АХАТ секторы арқылы халыққа 3276 қызмет түрі көрсетілген

Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің АХАТ секторы 2022 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша азаматтарға туу туралы, неке қию, неке бұзу, қайтыс болу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, т.б. қызмет түрлері бойынша 3276 қызмет көрсетіпті.

2022  жылдың І тоқсан айында  ҚР–ның «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің  491- бабына сәйкес  әкімшілік  іс  қозғалмады, яғни неке қиюға кедергі болатын жайларды жасыру немесе азаматтық хал актілерін тіркейтін органдарға жалған мәліметтер берілгені үшін әкімшілік жауапкершілік хаттамаларын  толтыруға  негіздер  анықталмаған.

 2022 жылдың І тоқсанында:

Қызмет  түрлері

Атқарылған қызметтер саны

    1

Туу туралы,

оның ішінде  өлі  туылғандар

1874

22

2

Неке қию туралы,

оның  ішінде  шетел азаматтары

477

2

3

Қайтыс болу туралы,

оның ішінде 1 жасқа дейінгі өлі туылғандар

244

14

4

Неке бұзу туралы, 

оның ішінде сот шешімі бойынша

15

6

5

Тегін, атын, әкесінің  атын өзгету

5

6

Күрделі істер, оның ішінде - түзету, өзгерту және толықтыру енгізу туралы  істер

47

7

Жою туралы  істер

3

8

Тууды мерзімі өтіп тіркеу істері

-

9

Қайталама  куәліктер

300

10

Анықтамалар

267

Түркістан қаласының АХАТ сектор қызметкерлері, 2019 жылдың 25 қараша айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою» туралы қағидасымен  жұмыс  жүргізеді. Қазақстан  Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы » туралы Кодексі -  неке - отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.

Неке (ерлі-зайыптылық) дегеніміз–ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ. Ал, отбасы дегеніміз – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы.

Келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Кодексінің  91-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің  1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қарым қатынастар мен құқықтық көмек туралы» Конвенцияға сәйкес (Конвенция о пpавовой помощи и пpавовых отношениях по гpажданским, семейным и уголовным делам) өзге мемлекеттерден  келіп түсетін азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты тапсырыстар ұлттық заңнамаға сәйкес  мерзімінде орындалады. Нақтырақ айтатын  болсақ, туу туралы, неке қию туралы, қайтыс болу туралы, неке бұзу туралы,  тегін, атын, әкесінің  атын  өзгерту  туралы  хал  актілерін  тіркейді.

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (әрі қарай-Кодекс) 14 шілде 2022 жылы бірнеше өзгертулер мен толықтырулар енгізілген болатын. Осыған орай, «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №112 бұйрығына 30.09.2022 жылы №820 бұйрығымен өзгерістер енгізілді. Яғни,  Кодекстің 13 бабының 2 тармағында неке қию(ерлі-зайыпты болу) некеге отыруға (ерлі-зайыпты болуға) тілек білдірушілер тіркеуші органға өтініш берген күннен бастап күнтізбелік он бес күн өткен соң жүргізіледі.

Кодекстің 64-бабының 3 тармағы бойынша, егер ата-анасы некенің (ерлі-зайыптылықтың) бұзылуын мемлекеттік тіркеуге қарамастан бөлек тұрса не балаға қатысты әке болу анықталса және бала өзімен бірге тұрып жатқан ата-ана оған өзінің тегін бергісі келсе немесе ұлттық дәстүрлерді ескере отырып, баланың тегін әкесінің немесе әкесі жағынан да, анасы жағынан да атасының аты бойынша өзгерткісі келсе, тіркеуші орган баланың мүдделеріне қарай және екінші ата-ананың нотариатта ресімделген пікірін ескере отырып, баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына өзгерістер енгізеді. Ата-ананың тұратын жерiн анықтау мүмкiн болмаған, ол ата-ана құқықтарынан айрылған не олар шектелген, әрекетке қабiлетсiз деп танылған кезде, сондай-ақ ата-ана баланы күтіп-бағудан және тәрбиелеуден дәлелсіз себептермен жалтарған жағдайларда, ата-ананың пiкiрiн ескеру мiндеттi емес.

Кодекстің  30 тарауындағы 257-269 баптары бойынша, демек атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеумен берілетін куәлігі алып тасталынып, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру болып өзгертілді. Яғни, мемлекеттік қызметтің акт жазбасы тіркелмейді. Одан бөлек, азаматтық хал актілерді тіркеудегі куәліктермен мен қайталама куәліктерді  және анықтамаларды беру бойынша өзгерістер енгізілгенің хабардар ете кетейік. Бұл өзгерістер 15.08.2022 жылдан бастап заңды күшіне енгізіледі. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін барлық азаматтық хал актілерді тіркеуге электронды түрде ЭЦҚ (электронды цифрлы қолтаңба) арқылы Үкімет порталының «Egov.kz» сайты арқылы өтініш жіберуге мүмкіндік қарастырылған. Демек, барлық азаматтық хал актілерін тіркеу үшін электронды өтініш беріледі.

Сондай-ақ, Қазақстанның Әділет министрі 2022 жылғы 28 маусымдағы бұйрығымен азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, өтініш бергеннен кейін тіркеу күнін тағайындау мерзімі бір айдан 15 күнге дейін қысқартылды. "Некеге тұруға ниет білдірген адамдардың қатысуымен 15-ші күнтізбелік күні тіркеледі, ол неке қию туралы бірлескен өтініш берілгеннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс істемейтін күнге тура келсе, онда одан кейінгі жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі", - делінген құжатта.

Сонымен бірге, некеге тұратын адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталған дәлелді себептер болған кезде (жүктілік, баланың тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар)), тіркеуші органның бастығы неке қиюды мемлекеттік тіркеу мерзімін күнтізбелік 15 күн өткенге дейін қысқарта алады не бұл мерзімді ұлғайта алады, бірақ 15 күнтізбелік күннен артық емес.

Бұл ретте, жекелеген жағдайларда неке қиюды мемлекеттік тіркеуді күту мерзімін ұзарту тіркеуші органның бастамасы бойынша неке қиюды мемлекеттік тіркеуге кедергі келтіретін мән-жайлар болған кезде ғана мүмкін болатыны көрсетіледі. 15 күнтізбелік күнді қысқарту немесе көбейту туралы рұқсатты неке қию туралы өтініште тіркеуші органның бастығы, ал ол болмаған кезде – оның міндетін атқарушы адам қарар түрінде береді.

Атыңыз бен тегіңізді өзгерту үшін не істеу керек?

Адамға өзінің тегі, есімі немесе әкесінің аты ұнамайтын кездер болады. Осындай жағдайларда ол өзінің есімін өзгерте ала ма? Ол үшін қайда жүгінуі керек? Бұл жағдайда оның міндеттемелері мен құжаттарына не болады? Есімді, текті немесе әкесінің атын ауыстыруға қанша уақыт керек?

Есімді, текті немесе әкесінің атын өзгертуге бола ма?

Азаматтар құқықтар мен міндеттерді өз аттарынан (бұған азаматтың есімі, тегі, және өз қалауынша әкесінің тегі жатады) жүзеге асырады. ҚР-ның Азаматық кодексінің 15 бап, 4-ші тармағына сәйкес азамат өз есiмiн заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша өзгертуге құқылы. 3-ші тармаққа сай, азаматтың туған кезде берiлген есiмi, сондай-ақ есiмiн өзгерту азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы заңдарда белгiленген тәртiп бойынша тiркелуі тиiс. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы заңнаманың 101-бап, 8-ші тармағына сәйкес Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге азаматтың есімін, әкесінің есімін (бар болғанда), тегін өзгертуі негіздеме бола алады.

Азаматтың есімін өзгертуі міндеттемелерді тоқтатуға негіз бола ала ма?

ҚР-ның Азаматық кодексінің 15-бап, 4-ші тармағына сәйкес азаматтың есiмiн өзгерту оның бұрынғы есiмiн, жасырын немесе бүркеншiк атпен алған құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатуға немесе өзгертуге негiз болмайды. ҚР-ның Азаматық кодексінің 15-бап, 5-ші тармағына сәйкес азамат өзiнiң борышқорлары мен несие берушiлерiне өз есiмiн өзгерткенi туралы хабарлау үшiн қажет шаралар қолдануға мiндеттi және бұл адамдарда оның есiмi өзгертiлгендiгi туралы мәлiметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етедi. Осылайша азамат өз есімін өзгерткен кезде басқа тұлғалар алдындағы оның міндеттемелері жойылмайды, оған қоса ол өзiнiң борышқорлары мен несие берушiлерiне өз есiмiн өзгерткенi туралы хабарлауы керек.

Бұл мәселе жөнінде қайда бару керек?

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы заңнаманың 101-бабына сәйкес  азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш жазбаша түрде өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға беріледі.

Қандай негіздемелер бойынша азамат өз есімін, тегін немесе әкесінің атын өзгерте алады?

ҚР-ның неке және отбасы туралы кодексінің 257 бабына сәйкес  атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру мынадай дәлелді себептер:

1) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң оғаш естiлуi;

2) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң айтуға қиындық келтіруі;

3) егер некені (ерлі-зайыптылық) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейiнгі тектерінде қалса, жұбайымен ортақ текте болғысы келген жұбайдың тілегі;

4) егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;

5) бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы келуі;

6) жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;

7) жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келуі;

8) өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келуі;

9) құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;

10) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;

11) ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуі;

12) өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және әкесінің атын алғысы келуі;

13) жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келгенде жүргізіледі.

Керек құжаттар:

ҚР-ның неке және отбасы туралы кодексінің 261-бабына сәйкес атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішке өтініш берушінің атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын мынадай құжаттар:

1) өтініш берушінің туу туралы куәлігі;

2) егер өтініш беруші некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік;

3) егер өтініш берушінің кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәліктері;

4) егер оларды тіркеуші органдар тіркеген болса, бала асырап алу туралы куәлік не әке болуды анықтау туралы куәлік;

5) егер өтініш беруші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік;

Қажет болған жағдайда, өтініш берушінің атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттар талап етіледі.

Өтінішті қарау мерзімі

АХАЖ-ға өтініш түскен күннен бастап 1 ай ішінде қаралады. Егер дәл себептермен өтініш қарау мерзімін ұзарту керек болса онда ол мерзім жергілікті АХАЖ бөлімінің жетекшісімен 1 айдан көп емес мерзімге ұзартылады.

Құжаттарға өзгерістер енгізу

ҚР-ның Азаматық кодексінің 15-бап, 6-шы тармағына сәйкес есiмiн өзгерткен азамат өзiнiң бұрынғы есiмiне рәсiмделген құжаттарға тиiстi өзгерiстер енгiзiлуiн талап етуге құқылы. 

Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер немесе анықтамалар беру қалай жүзеге асырылады?

Қызметті көрсету мерзiмдерi

Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде анықтамаларды электрондық форматта беру - 1 (бір) жұмыс күні; Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру – 3 (үш) жұмыс күні; АХАЖ АЖ-де актілік жазба болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде көрсетілетін қызметті алушыны хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады (Мемлекеттік корпорация арқылы түскен өтінішті қарау мерзімі ұзартылған кезде көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды); портал арқылы берген кезде-өтінішті қабылдауды растау туралы хабарлама 1 (бір) жұмыс күні ішінде жеке кабинетке жіберіледі

Қызмет құны

1.Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер - 1 АЕК; 2) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтама - 0,3 АЕК; 3) ТМД елдерінен азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап ету - 0,5 АЕК; 4) ТМД елдерінен басқа шет мемлекеттерден азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәліктерді талап ету - 1 АЕК. Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мемлекеттік баж төлеуден растайтын құжаттар ұсынылған кезде босатылады.: 1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым-1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының, қорғаншылар( қамқоршылар), мемлекеттік ұйымдар – туу туралы куәлікті тіркеу және қайталама беру үшін; 2) жеке тұлғалар – азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде жіберілген қателіктерге байланысты азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, толықтыру, қалпына келтіру және түзету кезінде оларға куәліктер бергені үшін; 3) жеке тұлғалар – туыстарының қайтыс болуы туралы бұрын берілген куәліктерді қайта бергені немесе ауыстырғаны үшін; 4) жеке тұлғалар – бала асырап алуға және әке болуды анықтауға байланысты Туу туралы куәліктерді қайта бергені үшін.

Құжаттар тізбесі

1. Көрсетілетін қызметті алушыға алуы қажет құжаттың түрін негізге ала отырып, Қағидаларға 36- қосымшаға сәйкес нысан бойынша туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) және неке құқықтық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш; 2) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 3) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беру үшін негіз болып табылатын құжаттың көшірмесі; 4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат. Қайтыс болу туралы қайталама куәлік (анықтама) алу туралы өтініш берілген жағдайда қосымша қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттардың көшірмелері беріледі. Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес нысан бойынша туу, неке қию (ерлі-зайыпты болу), некені (ерлізайыптылықты) бұзу, тегін, атын, әкесінің атын өзгерту, қайтыс болу туралы және неке құқығы туралы анықтамаларды көрсетілетін қызметті алушыға алуы қажет құжат түрін негізге ала отырып кез келген тіркеуші орган АХАЖ АЖ мәліметтері негізінде береді. Неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасының болуын тексеру Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу үшін неке құқықтық қабілеттілігі туралы анықтама беру туралы өтініш келіп түскен кезде АХАЖ АЖ-де он алты жастан бастап жүргізіледі. Некеге құқық қабілеттілігі туралы анықтаманы алу үшін, егер көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасынан тыс жерде некеде тұрса (ерлізайыпты болса), некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе жұбайының (зайыбының) қайтыс болуы туралы куәліктің көшірмелері қосымша қоса беріледі. Қайтыс болғаны туралы куәліктерден басқа, азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер оларға қатысты тиісті акт жазбасы жасалған адамдарға, сондай-ақ осы адамның (сенім білдірушінің) атынан өкілдік ету үшін уәкілетті адамға (сенім білдірушіге) жазбаша (нотариалды куәландырылған сенімхат) беріледі. Порталға жүгінген кезде: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ қойылған немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірін тіркеген және порталдың есептік жазбасына қосқан жағдайда бір реттік парольмен куәландырылған электрондық сұрау салу. 2) егер азаматтық хал актілерін тіркеу Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде жүргізілсе, көрсетілетін қызметті алушының құжаттары электрондық көшірмелер түрінде беріледі.

Қызмет көрсету нәтижесі

1) Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы қайталама куәлік немесе анықтамалар;

2) мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап; Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде, портал арқылы өтініш берген кезде, азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе дәлелді бас тарту электрондық түрде жіберіледі.

Қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу

 "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес қайтыс болу жағдайлары, сондай-ақ азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы және қайтыс болу фактісін анықтау туралы сот шешімдері азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдарда тіркеледі. "Қайтыс болуды тіркеуге байланысты қызмет көрсету кезінде уәкілетті органдар мен ұйымдардың өзара іс-қимылы туралы" бұйрыққа сәйкес қайтыс болуды тіркеуді жүзеге асыру тәртібі бекітілді. Қайтыс болуды тіркеу көрсетілетін қызметті алушының өтінішінсіз Ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы алынған қайтыс болу туралы электрондық медициналық куәліктің негізінде қайтыс болған адамның тұрғылықты жеріне және қайтыс болған жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда жүргізіледі. Мемлекеттік қызмет 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. Қайтыс болуды тіркеу кезінде жеке куәліктер мен әскери билеттерді алып қоюға жол берілмейді.

Қайтыс болу мемлекеттік тіркелгеннен кейін қайтыс болған адамның жақын туыстарына, оның мұрагерлерінің шеңберіне кіретін басқа адамдарға не қайтыс болған адам қамқорлығында болған азаматтарға, сондай-ақ қайтыс болған адам тұрған немесе жазасын өтеген мемлекеттік ұйымдар әкімшілігінің өкілдеріне қайтыс болғаны туралы egov.kz порталының құралдары бойынша хабарлама беріледі.

Куәлікті қайта қалпына келтіру қалай жүргізіледі?

Халық арасында құжатқа қатысты небір жайттар болып жатады. Бірі жоғалтып алса, бірі уақыты өтіп кеткенін байқамай қалады. Осындай кезде құжатты қалай қалпына келтіруге болады? Егер азаматтар туу туралы, неке қию туралы және басқа да куәліктерін жоғалтып алған жағдайда қайдан алады?

Бастапқы куәліктің жоғалуы немесе пайдалануға жарамсыздығы жағдайында, сондай-ақ мұрағаттық актілік жазба негізінде өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізуге байланысты азаматтық хал актісін тіркеу туралы қайталама куәлік беріледі. Он алты жасқа дейінгі балалардың тууы туралы қайталама куәліктері ата-аналарына, қорғаншыларына, бала асырап алушыларға, қамқоршыларына және сол балаларды тәрбиелеп отырған балалар мекемелерінің әкімшіліктеріне беріледі. Ал 16 жастан асқан, бірақ 18 жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжат алмаған балаларға ата-анасының біреуінің не қорғаншысының қатысуымен олар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде қайталама куәліктер беріледі.Қайтыс болу туралы қайталама куәліктер мұрагерлер санатына кіретін қайтыс болған азаматтың туыстарына беріледі.Әскери қызметкерге қатысты қайталама куәліктер әскери бөлімнің командирінің атына жолданады, бас бостандығынан айырылған тұлғаларға қатысты қайталама куәліктер түзеу-еңбек колониясының бастығының атына жолданады.

Ал егер неке бұзылған болса, қайталама неке қию туралы куәлігін алуға бола ма?

Егер некені қию туралы акті жазбасында некенің бұзылғаны туралы белгі болса, онда некені (ерлі-зайыптылықты) қию туралы қайталама куәлік берілмейді.

Қандай да бір құжатқа қатысты шаруа шығып қалса, жеке басты куәландыратын құжат қажет. Сол жеке куәлікті немесе төлқұжатты жоғалтып алған болса, азаматтар не істеуі керек?

Жеке басын куәландыратын құжат алу үшін қайталама туу туралы куәлігі керек. Егер азаматтың жеке басын куәландыратын құжаты болмай, бұрын туу туралы куәлігі болып, оны жоғалтып алса, өзінің тұрғылықты жері бойынша учаскелік полиция қызметкеріне барады, ол өз алдына азаматтың жеке басын тану хаттамасын (Протокол опознания личности гражданина) жасайды. Сонымен, азаматтың туған жері бойынша АХАТ бөліміне сұраныс жолдайды. Сол сұраныс пен хаттаманың негізінде қайталама куәлік беріледі.

Ал егер азаматтар басқа елде туған болса, бұл жағдайда қайталама куәлікті алу қалай жүргізіледі?

1993 жылдың 22 қаңтарында «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы» Конвенцияның (әрі қарай — Конвенция) 5-бабына сәйкес, уағдаласушы тараптардың құзыретті әділет мекемелері осы Конвенцияда қарым-қатынастың өзге тәртібі белгіленбесе, бір-бірімен өздерінің орталық органдары арқылы тікелей қатынастарды жүзеге асыруға уәкілетті. Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы Қаулысымен 1993 жылғы және 2002 жылғы Конвенциялардың ережелерін орындауға уәкілетті орталық және өзге де мемлекеттік органдардың тізбесі белгіленген. Соған сәйкес, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі — жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, заңды тұлғаларды тіркеу, сонымен қатар нотариустар мен әділет органдарынан шығатын өзге ресми құжаттар бойынша сұраныс жасауға уәкілетті.

Куәліктің мұрағаттық жазбаларында қате кетсе, оны қалай дұрыстайды?

Бұл жағдайда өтініш беруші азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтінішін жазбаша түрде тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға береді. Өтініштер күнтізбелік 15 күнге дейінгі мерзімде қаралуы тиіс. Сұрау салуды басқа аумақтық әділет органдарына жіберу қажет болған кезде өтінішті қарау мерзімі күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартылады. Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу мынадай негіздемелер бойынша жүргізіледі:бала асырап алуға байланысты оның есімін, әкесінің есімін (бар болғанда), тегін, туған жері мен күнін өзгерткен кезде, сондай-ақ бала асырап алушыларды асырап алынған баланың ата-анасы ретінде жазғанда; әке болуды тіркегенде; бала асырап алудың күшін жою немесе бала асырап алуды жарамсыз деп тану туралы, сондай-ақ некені (ерлі-зайыптылықты) жарамсыз деп тану туралы сот шешіміне байланысты; баланың туу туралы акт жазбасынан баланың әкесі немесе шешесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы сот шешіміне байланысты; есімін, әкесінің есімін немесе тегін өзгерткенде; азаматтық хал актілері жазбаларындағы қате мәліметтер сот тәртібімен анықталғанда; әке болуды белгілеу туралы сот шешімі күшін жойғанда; егер азаматтық хал актісі жазбасында қате мәліметтер көрсетілсе; егер туу туралы акт жазбасында баланың аты толық көрсетілмесе (кішірейтіліп, еркелетіп, қысқартылып көрсетілсе); егер азаматтық хал актісін тіркеу кезінде қателер (бұрмалаулар, мәліметтерді немесе жекелеген сөздерді тастап кету) болса; ұлттық дәстүрлерге байланысты тегін, әкесінің немесе атасының есімінен туындайтын тегіне өзгерткенде; ұлты, азаматтығы өзгерген жағдайда және тағы басқа жағдайларда жүргізіледі.

Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында не айтылған?

"Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйектегі № 929 қаулысына сәйкес әзірленген «Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларында» төмендегідей ережелер мен қағидалар келтірілген.

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және туу туралы куәліктерді ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін белгілейді.

2. Туу туралы куәлік – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын, оның туу фактісінің мемлекеттік тіркелгенін куәландыратын құжат. Туу туралы куәлік мынадай құжаттардың бірін – Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, азаматтығы жоқ адамның куәлігін не шетелдік паспортты алғанға дейін жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат болып табылады.

2-тарау. Туу туралы куәлікті ресімдеу және беру тәртібі

3. 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 847 қаулысымен (мәтін алып тасталды).

4. Баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін ата-аналар, олардың біреуі, ал олар қайтыс болған, науқастанған немесе өтініш беруге өзге себептермен мүмкіндігі болмаған жағдайда – мүдделі адамдар немесе бала туған кезде анасы жатқан медициналық ұйымның әкімшілігі бала туған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен (бұдан әрі – туу туралы өтініш) Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органға өтініш берушінің қалауы бойынша жазбаша нысанда не "электрондық үкімет" порталы арқылы электрондық түрде жүгінеді.

5. Бала Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде туған жағдайда баланың тууы туралы өтінішті ата-аналары не басқа да мүдделі адамдар Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелеріне оның туған күнінен бастап екі айдан кешіктірмей беруге тиіс.

6. Бала өлі туған жағдайда туу туралы өтінішті медициналық ұйымның жауапты лауазымды адамы босанған кезден бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей береді.

7. Екі немесе одан да көп баланы мемлекеттік тіркеу кезінде туу туралы өтініш әрқайсысына қатысты жеке беріледі.

8. Егер баланың тууын мемлекеттік тіркеуге ата-аналары емес, басқа адамдар өтініш жасаса, онда осы адамдар өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжатты, сондай-ақ баланың тууын тіркеуге оның өкілеттігін растайтын құжатты ұсынады.

9."Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтініш берушінің таңдауы бойынша проактивті көрсетілетін қызмет арқылы баланың тууын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру кезінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу туралы өтініш беру талап етілмейді.

10. Ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі тиісті ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағында тұратын азаматтар балаларының тууын мемлекеттік тіркеуге құжаттарды қабылдауды және тууды мемлекеттік тіркеу мен Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік дерекқорға мәліметтер енгізу үшін оларды "Неке (ерлі – зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) көзделген мерзімдерде ауданның немесе облыстық маңызы бар қаланың тиісті тіркеуші органына беруді, сондай-ақ туу туралы куәліктерді, қажет болған кезде анықтамаларды беруді және табыс етуді жүргізеді.

11. Туу туралы куәлікті ресімдеу үшін Кодекстің 180-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін тізбе бойынша құжаттар ұсынылады.

12. Туу туралы медициналық куәлік немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі баланың тууын мемлекеттік тіркеу үшін негіздер болып табылады.

13. Медициналық ұйымнан тыс жерде, оның ішінде үйде босанған жағдайда, туу туралы медициналық куәлікті ол босанғаннан кейін жүгінген босандыру ұйымының жауапты медицина қызметкері анасының жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес ресімдейді.

14. Бала медициналық ұйымда туған және анасының жеке басын куәландыратын құжаттары болмаған жағдайларда туу фактісін мемлекеттік тіркеу кезінде анасының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) туу туралы медициналық куәлікке сәйкес толтырылады, онда анасы туралы мәліметтер оның сөздерінен жазылғандығы туралы белгі болады.

15. Бұдан әрі баланың анасы туралы мәліметтер туу туралы акт жазбасына Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген тәртіппен толықтырылады.

16. Туу туралы медициналық куәлік болмаған жағдайда баланың тууын мемлекеттік тіркеу туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негізінде жүзеге асырылады.

17. Тауып алынған, тастанды (бас тартылған) баланың тууы ішкі істер органдарының, қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның, білім беру ұйымы әкімшілігінің немесе бала орналастырылған медициналық ұйымның өтініші бойынша тауып алынған, бас тартылған немесе қалдырылған күннен бастап жеті тәуліктен кешіктірілмей тіркелуге тиіс. Өтінішке бала табылған уақытты, жерді және мән-жайларды көрсете отырып, ішкі істер органы немесе қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган жасаған хаттама немесе акт; табылған баланың жасы мен жынысын растайтын медициналық ұйым берген құжат және бала туралы басқа да дербес мәліметтер қоса беріледі.

18. Баланы белгісіз ана тастап кеткен жағдайда медициналық ұйымның әкімшілігі екі куәгердің қатысуымен хаттама жасайды. Тууды мемлекеттік тіркеу кезінде хаттамалар медициналық ұйымның лауазымды адамының тасталған (бас тартылған) баланы тіркеу туралы өтінішіне қоса беріледі.

19. Некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) кезде бойға біткен және әкесі қайтыс болғаннан кейін немесе неке (ерлі-зайыптылық) бұзылғаннан кейін не неке (ерлі-зайыптылық) жарамсыз деп танылғаннан кейін туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу, егер әкесі қайтыс болған немесе неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған не ол жарамсыз деп танылған күннен бастап екі жүз сексен күннен аспаса, жалпы негіздерде жүргізіледі.

20. Бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеу Кодекстің 187-бабында көзделген тууды мемлекеттік тіркеу үшін негіздер болған кезде ата-анасының немесе өзге де мүдделі адамдардың жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі.

21. Бала кәмелетке толған соң тууды мемлекеттік тіркеу оның жазбаша өтініші бойынша жүргізіледі.

22. Бір жасқа толған және одан асқан баланың тууын мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органның қорытындысы негізінде ауданның, қаланың тіркеуші органы жүргізеді.

23. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінде не Қазақстан Республикасының аумағындағы кез келген тіркеуші органда ата-анасының немесе олардың біреуінің қалауы бойынша шетелдік тіркеуші органдарда тіркелгеніне қарамастан, Кодексте белгіленген мерзімдерде мынадай құжаттардың бірін ұсынған кезде жүргізіледі:

1) туу туралы куәліктің түпнұсқасы;

2) туу туралы акт жазбасының көшірмесі;

3) туу туралы медициналық куәліктің түпнұсқасы.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттар болмаған кезде туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі ұсынылады. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде туған баланың туған жері ретінде баланың нақты туған жерінің атауы көрсетіледі.

24. Экспедицияларда және шалғай жерлерде, сондай-ақ анасының теңіз, өзен, әуе кемесінде немесе пойызда болған уақытында туған баланың тууын мемлекеттік тіркеу ата-анасының не олардың біреуінің қалауы бойынша кез келген тіркеуші органда жүргізіледі. Мұндай жағдайларда баланың туған жері ретінде баланың тууын мемлекеттік тіркеу жүргізілетін әкімшілік-аумақтық бірлік көрсетіледі.

25. Бір-бірімен некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) әкесі мен анасы туу туралы жазбалар кітабына олардың кез келгенінің өтініші бойынша баланың ата-аналары болып жазылады. Мұндай жазбаға неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік негіз болып табылады.

26. Некеде тұрған (ерлі-зайыпты болған) және қосалқы репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолдануға өз келісімін жазбаша нысанда берген адамдарда осы әдістерді қолдану нәтижесінде бала туған жағдайда олар туу туралы актілер жазбасының кітабына оның ата-аналары болып жазылады. Суррогат ана болу шартына сәйкес бала туылған жағдайда ерлі-зайыптылар туу туралы актілер жазбасының кітабына оның ата-аналары болып жазылады.

27. Бала тууды тіркеу кезінде, егер ата-аналарының арасында неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, сот оны жарамсыз деп таныған немесе жұбайы қайтыс болған жағдайда, бірақ неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, ол жарамсыз деп танылған немесе жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз сексен күннен астам уақыт өтпесе, анасы туралы мәліметтер туу туралы медициналық куәліктің немесе туу фактісін анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі негізінде, баланың әкесі туралы мәліметтер неке қию (ерлі-зайыптылық) немесе некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәліктің немесе акт жазбасының, әкесінің қайтыс болуы туралы куәліктің немесе акт жазбасының негізінде енгізіледі.

28. Бала неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған, ол жарамсыз деп танылған немесе бала анасының жұбайы қайтыс болған кезден бастап екі жүз сексен күн ішінде туған жағдайда, егер өзгеше дәлелденбесе, анасының бұрынғы жұбайы баланың әкесі болып танылуы мүмкін. Егер баланың анасы өзінің жұбайы не бұрынғы жұбайы баланың әкесі емес деп мәлімдесе, баланың әкесі баланың өз анасының және әкесінің не жұбайының, бұрынғы жұбайының бұл туралы жазбаша өтініші болған кезде Кодекстің 47-тармағының 5-тармағында немесе 48-бабында көзделген қағидалар бойынша анықталады. Мұндай өтініш болмаған жағдайда бұл мәселе сот тәртібімен шешіледі. Босанған әйелдің жұбайының немесе бұрынғы жұбайының басқа адамның әке болуын анықтауға келісімі ішкі істер органы берген, жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгені туралы немесе соттың оны хабар-ошарсыз кеткен немесе әрекетке қабілетсіз деп танығаны туралы заңды күшіне енген шешімі туралы растайтын құжат болған кезде міндетті емес.

29. Босанған әйелдің жұбайы болып табылмайтын адам жазбаша мойындаған жағдайда және оның күйеуінің жазбаша келісімі болған кезде тууды тіркеу кезінде баланың әкесі болып осы адам жазылады.

30. Егер баланың ата-анасы бір-бірімен некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) жағдайда анасы туралы мәліметтер Кодекстің 187-бабында көрсетілген құжаттардың негізінде енгізіледі. Бұл жағдайда тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасына әкесі туралы мәліметтер:

1) Кодекстің 192-1-бабының 1-тармағында көрсетілген негіздер бойынша, егер әке болу баланың тууын мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде анықталатын жағдайда;

2) егер әке болу анықталмаса, некеде тұрмаған (ерлі-зайыпты болмаған) анасының өтініші бойынша енгізіледі. Тууды жазу кітабында баланың әкесінің тегі анасының тегі бойынша, баланың әкесінің аты мен әкесінің аты оның нұсқауы бойынша жазылады. Енгізілген мәліметтер әке болуды анықтау туралы мәселені шешуге кедергі болып табылмайды. Баланың әкесі туралы мәліметтер анасының қалауы бойынша туу туралы акт жазбасына енгізілмеуі мүмкін;

3) өзін баланың әкесімін деп мойындаған адамның өтініші бойынша баланың анасының келісімі болған кезде енгізіледі. Анасы туралы мәліметтер осы Кодекстің 187-бабында көрсетілген құжаттардың негізінде енгізіледі, әкесі туралы мәліметтер осы адамның көрсетуі бойынша жазылады. Бұдан әрі баланың анасы туу туралы акт жазбасына енгізілген баланың әкесі туралы мәліметтермен келіспеген кезде түзетулер белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

31. Егер тууды тіркеу кезінде өтініш беруші ата-аналарының ұлттық тиесілігін көрсетуге ниет білдірсе, онда баланың тууы туралы акт жазбасында ата-аналарының – Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген ұлтына сәйкес көрсетіледі. Шетелдік болып табылатын ата-анасының ұлттық тиесілігі туралы мәліметтер оның шетелдік паспортына сәйкес көрсетіледі. Шетелдіктің шетелдік паспортында ұлты туралы мәліметтер болмаған кезде ол өзі азаматы болып табылатын шет мемлекеттің құзыретті органы берген құжатқа сәйкес айқындалуы мүмкін.

32. Баланың тууын мемлекеттік тіркеуге түскен құжаттарды тексергеннен кейін баланың тууын тіркеу туралы мәліметтер азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – АХА АЖ) енгізіледі.

33. Баланың тууын АХА АЖ-да мемлекеттік тіркегеннен кейін акт жазбасы екі данада басып шығарылады және туу туралы куәлік қалыптастырылады. Туу туралы акт жазбасының негізінде туу туралы куәлік ресімделеді, қажет болған жағдайда туу туралы анықтама беріледі.

34. Туу туралы куәліктер мен анықтамалар азаматтық хал актілері мемлекеттік тіркелгеннен кейін өздеріне қатысты акт жазбасы жасалған адамдарға электрондық нысанда немесе олардың қалауы бойынша қағаз жеткізгіште беріледі.

35. Электрондық нысанда берілген туу туралы куәлік, анықтама құжатты берген тіркеуші орган бастығының электрондық цифрлық қолтаңбасы арқылы куәландырылады.

36. Қағаз жеткізгіште берілген туу туралы куәлік, анықтама тіркеуші орган бастығының қолымен, құжатты берген тіркеуші органның елтаңбалық мөрімен бекітіледі.

37. Қазақстан Республикасынан тысқары жерлердегі туу туралы куәлік, анықтама құжатты берген Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі лауазымды адамының қолтаңбасымен және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесінің елтаңбалық мөрімен бекемделген қағаз жеткізгіште беріледі.

38. Қағаз жеткізгіштегі туу туралы бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайларда тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері акт жазбасының негізінде туу туралы қайталама куәлік береді.

39. Туу туралы куәліктер қазақ немесе орыс тілінде толтырылады.

40. Баланың ата-аналары туралы мәліметтер олардың жеке басын куәландыратын құжаттарға сәйкес толтырылады.

41. Ата-аналардың жеке басын куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда баланың тууын мемлекеттік тіркеу кезінде баланың ата-аналары туралы мәліметтер АХА АЖ мәліметтеріне сәйкес толтырылады.

42. Туу туралы куәлік мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1) баланың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), туған күні және жері;

      2) акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;

      3) жеке сәйкестендіру нөмірі;

      4) егер жеке басын куәландыратын құжаттарда көрсетілген болса, ата-аналарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ұлты;

      5) ата-аналарының азаматтығы;

      6) мемлекеттік тіркеу орны (тіркеуші органның атауы);

      7) туу туралы куәліктің берілген күні;

      8) құжатты берген тіркеуші органның атауы.

43. Туу туралы куәліктің нысанын Кодекстің 181-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітеді.

44. Өлі туған баланың туу туралы куәлігі берілмейді. Өлі туған балаға қатысты өлі туған баланы мемлекеттік тіркеу туралы анықтама беріледі.

3-тарау. Туу туралы куәлікті ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібі

45. Қағаз жеткізгіштегі туу туралы бастапқы куәлік жоғалған немесе пайдалануға жарамсыз болған жағдайларда тіркеуші органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесі туу туралы қайталама куәлік береді.

46. Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы жазба жасалған адамдар немесе олардың уәкілетті өкілдері туу туралы қайталама куәлікті алу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 112 бұйрығымен бекітілген Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10764 болып тіркелді) сәйкес құжаттар ұсынады.

47. АХА АЖ-да тіркелген туу туралы акт болған кезде туу туралы қайталама куәлік тіркеуші органға қажетті құжаттар келіп түскен кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде беріледі.АХААЖ-да акт жазбасы болмаған кезде қызмет көрсету мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын мерзімге ұзартылады.

48. Туу туралы қайталама куәлік акт жазбаларымен дәлме-дәл сәйкестендіріліп жазылады. Жергілікті жерлердің атауы сол кездегі әкімшілік-аумақтық бөлініске дәлме-дәл сәйкестендіріліп көрсетіледі, ал мемлекеттік тіркеу орны ретінде қазіргі әкімшілік бөлініс бойынша осы жерде қызмет көрсеткен тіркеуші орган көрсетіледі.Қайталап берілетін туу туралы куәліктердің бірінші бетінің жоғарғы жағында "Қайталама" деп көрсетіледі.

49. Он алты жасқа дейінгі балалардың туу туралы қайталама куәліктері ата-аналарына, қорғаншыларына, бала асырап алушыларына, қамқоршыларына және балалар тәрбиеленіп жатқан балалар мекемелерінің әкімшіліктеріне беріледі. Он алты жастан асқан, бірақ он сегіз жасқа толмаған және жеке басын куәландыратын құжат алмаған балаларға қайталама куәліктер ата-аналарының бірінің не қорғаншысының, бала асырап алушысының қатысуымен олар жеке басын куәландыратын құжатты ұсынған кезде беріледі.

50. Өздеріне қатысты ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға балалардың тууы туралы қайталама куәліктері құқықтары қалпына келтірілгенге дейін берілмейді.

51. Ата-ана құқықтарынан айыру фактісін тіркеуші орган архивте сақтауда тұрған туу туралы акт жазбасын тексеру арқылы тексереді.

52. Туу туралы қайталама куәлік берілген жағдайда куәліктің бұрынғы бланкісі жарамсыз болып табылады, ол туралы жеке тұлғалар туралы дерекқорда белгі жасалады.

53. Туу туралы куәлік пайдалануға жарамсыз болған және туған бала және ата-аналары туралы деректерді сәйкестендіру мүмкін болмаған жағдайларда туу туралы куәлік жарамсыз болып табылады және тіркеуші органға тапсырылуға және ауыстыруға тиіс.

54. Туу туралы куәліктерді жою туралы осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша акт жасалады, онда жойылған туу туралы куәліктердің сериясы, нөмірі мен күні және осы куәлікті берген тіркеуші органның атауы көрсетіледі.

55. Туу туралы куәліктерді жою үшін туу туралы куәліктер жойылатын тіркеуші орган басшысының бұйрығына сәйкес комиссия құрылады, ол тіркеуші органның қызметкерлері қатарынан кемінде үш адамы бар құрамда қалыптастырылады.

56. Актіге комиссия мүшелері қол қояды және оны туу туралы куәліктер жойылатын тіркеуші органның басшысы бекітеді.

57. Туу туралы куәлікті алып қоюды алдын ала тергеу, анықтау органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ лауазымды адамдар әкімшілік іс жүргізу және азаматтықты жоғалтуды ресімдеу барысында жүзеге асырады.

Оқылды 207 рет