Сәрсенбі, 21 Қыркүйек 2022 13:24

Түркістан қаласында әлеуметтік көмек көрсету жүйесі жолға қойылған

2022 жылы Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек беруге Түркістан қаласына жалпы 1 688 052,0 мың теңге жоспарланған. Оның 1 350 442,0 мың теңгесі республикалық бюджеттен, 337 610,0 мың теңгесі жергілікті бюджетттен қаралған.

2022 жылдың мамыр айында, қала бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш берген 817 отбасыға (4523 адам)  142901 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы төлем жүргізілді. Оның ішінде шартты атаулы әлеуметтік көмек 170 отбасыға  (723 адам)  және шартсыз атаулы әлеуметтік көмек  647 отбасыға (3800 адам) берілген.

Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шартсыз немесе шартты ақшалай көмек алатындар қатарындағы: бір жастан алты жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында оқуға кіріспеген алты жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға – атаулы әлеуметтік көмек тағайындау кезеңінде; алты жастан он сегіз жасқа дейінгі балалары, сондай-ақ орта білім беру ұйымдарында білім алатын, он сегіз жасқа толған балалары бар табысы аз отбасыларға тиісті оқу жылы ішінде беріледі. Кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағайындауға биылғы жылға республикалық бюджеттен 335 164,0 мың теңге жоспарланып,   2022 жылдың1 наурызына 2514 балаға 27 930,0 мың теңге КӘТ-ның азық-түлік себеттері тағайындалып, берілді.

Қалған 10 айдағы КӘТ-ны беру үшін мемлекеттік сатып алу порталы арқыла конкурс жарияланып, үміткер ретінде 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік қатысқан. Атап айтқанда: "Magnum Cash&Carry" ЖШС; "Ernaiza Group" ЖШС; "ЗКА Проект" ЖШС; "Барыс 2007" ЖШС. Конкурсқа өтінім берушілердің ішінде 2 серіктестік ("Magnum Cash&Carry" ЖШС, "Барыс 2007" ЖШС) біліктілік талаптарына сәйкес болмауына байланысты конкурсқа қатысудан бас тартылған. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытынды хаттамасына сәйкес,  өтінім берушілер арасынан "Ernaiza Group" ЖШС жеңімпаз болып танылған және "ЗКА Проект" ЖШС екінші орын алған. Қазіргі таңда жүргізілген мемлекеттік сатып алу конкурсы 5 жұмыс күніндегі шағымдарды қарау сатысында тұр. Шағымдарды қарау сатысы өткеннен кейін анықталған жеңімпазбен келісім-шарт түзу  жұмыстары жүргізілетін болады. Сонымен қактар, қалаға қарасты 6 секторда мұқтаж отбасылардың тізімі жасақталған, «Қамқорлық»  бағдарламасы аясында 100 отбасы бектіліп, демеушілер есебінен «Наурыз» мерекесіне орай  азық-түлік себеттері берілді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті көрсету тәртібі ҚР 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» N 246 Заңы, ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы «Кепілдік берілген әлеуметтік топтама шеңберінде ұсынылатын көмектің түрлері мен көлемдерін айқындау туралы» № 1032 қаулысы, ҚР Еңбек және халықты әлуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы «Учаскелік комиссиялар туралы үлгілік ережені, сонымен қатар өтініш берушінің материалдық жағдайын тексеру қорытындысы бойынша мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаждығын айқындау өлшемшарттарын бекіту туралы» N 29-ө бұйрығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 28 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» N 237-ө бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу және кепілдедік берілген әлеуметтік топтаманы ұсыну қағидаларын бекіту туралы» № 320 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады.  Атаулы әлеуметтік көмекке өтініш беру үшін «Е-GOV» порталы арқылы немесе халықтық кеңсеге барып ЭЦҚ ключпен өтініш береді. (өзімен бірге жеке басын растайтын құжатын, балаларының туу туралы куәліктерін, өтініш берушінің счет номерін және қажет болған жағдайда жұмыс орны бойынша растама құжаттары қажет).

Өтініштер бір күн ішінде жұмыспен қамту орталығына (бұдан әрі-орталық) түсіп, учаскелік комиссия төрағасына жолданады және комиссия 7 жұмыс күні ішінде өтініш берушінің мұқтаж немесе мұқтаж еместігін анықтап, комиссия қорытындысымен жұмыспен қамту орталығына ұсынады. Орталық бір күн ішінде шешім жобасын қабылдап, уәкілетті органға құжаттарды хатпен жолдайды. Уәкілетті орган 3 жұмыс күні ішінде тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту және құжаттарды қайта қарауға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Құжаттарды қайта қарауға мемлекеттік органдар мен ұйымдарға сұрау салу қажет болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға және (немесе) ұйымдарға сұрау салу жүзеге асырылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш иесіне жазбаша хабардар етіледі, сұрау салуға жауап алғанға дейін, бірақ күнтізбелік 30 күннен артық емес күнге дейін ұзартылады.

Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғаннан  шешімі негізінде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде қазынашылық органдарына төлеуге шешім қабылдаған айдан кейінгі айдың 5-күніне қарай ай сайын тағайындалған сомаларды төлем ведомосына енгізуді қамтамасыз етеді. Атаулы әлеуметтік көмекті төлеу ай сайын атаулы әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылданған айдан кейінгі айдың 10-күніне қарай жүзеге асырылады.

Шартты ақшалай көмек дегеніміз бұл - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына және (немесе) қажет болған жағдайда әлеуметтік бейімдеу шараларына табысы аз адамдардың (отбасылардың) міндетті қатысуы шартымен оларға ай сайынғы және (немесе) біржолғы ақшалай төлем нысанында, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі;

Шартсыз ақшалай көмек бұл - жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына қатысуға мүмкіндігі шектеулі табысы аз адамдарға (отбасыларға) ай сайынғы ақшалай төлемдер нысанында, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмияндарына электрондық ақшамен көрсетілетін атаулы әлеуметтік көмек түрі.

Түркістан қаласында бүгінде13537 зейнеткер тұрады. Оның ішінде: Ұлы Отан соғысының ардагері мен мүгедектері -46: соғыс ардагерлеріне теңестірілгендер - 343; тыл еңбеккерлері-419; көп балалы аналар-13 172. Оның ішінде: алтын алқа-622; күміс алқа-2275; батыр аналар-80; 1-2 дәрежелі ана даңқы орденімен марапатталған аналар-112; 18 жасқа дейін 4 және одан көп баласы бар аналардың саны-10083.

«Түркістан қаласының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Түркістан облысы Түркістан қалалық мәслихатының 2021 жылғы 9 наурыздағы № 4/17-VII шешіміне сәйкес бір реттік қаржылай әлеуметтік көмек беріледі. Түркістан қалалық маслихатының 2021 жылғы 21 желтоқсан №14/76 VII шешіміне сәйкес:7-мамыр  (Отан қорғаушылар күніне) – 419 тыл еңбеккерлеріне біржолғы 30000 теңгеден төлем жүргізілді. 9-мамыр мерекесіне орай ҰОС ардагерлеріне 4 адамға 4 000 000 теңге; ҰОС ардагерлер мүгедектерінің жесір әйелдері басқа некеге тұрмаған бір реттік көмек 17 адамға 30 000 теңгеден берілді. Ауған соғысы ардагерлеріне 7-мамыр күніне арналған 140 адамға 79 500 теңгеден берілді.

Чернобыль АЭС-індегі апаттың зардаптарын жоюға қатысқан 24 адамға  79 500 теңгеден берілді. Семей полигоны апатының зардаптарын жоюға қатысқан 119 адамға 79 500 теңгеден берілді. Тәжікстан, Ауғанстан учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі ҚР әскери қызметшілеріне 80 адамға 79 500 теңгеден берілді. Таулы Қарабах этносаралық қақтығыстағы реттеуге қатысқан әскери қызметшілер 18 адамға 79 500 теңгеден берілді. Қала деңгейінде ардагерлерді сауықтыру мақсатында  жолдамамен қамтамасыз етілген. 2022 жылға облыстық бюджеттен зейнеткерге 500 жолдама бөлініп, («Ардагерлер» үйіне 260, «Мейір» ардагерлер үйіне 240 жолдама) ағымдағы жылдың «Мейір» ардагерлер үйіне -44, «Ардагерлер»  үйіне -46 жолдамамен қамтамасыз етілді. - 4 ардагер  басылымға тегін жаздырылды.

Мүгедектігі бар азаматтардың  жалпы саны-8870 адам. Оның ішінде: 1-топ мүгедектер – 695; 2-топ мүгедектер – 354; 3-топ мүгедектер – 2907; 16 жасқа дейінгі бала мүгедегі- 435; 8 жасқа дейінгі 1,2,3 топтағы бала мүгедегі – 1292.

Түркістан қаласының АХАТ сектор қызметкерлері, 2019 жылдың 25 қараша айында қабылданған Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» туралы Кодексінің және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 28 мамырдағы № 64 бұйрығымен «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою» туралы қағидасымен  жұмыс  жүргізеді. Нақтырақ айтатын  болсақ, туу туралы, неке қию туралы, қайтыс болу туралы, неке бұзу туралы,  тегін, атын, әкесінің  атын  өзгерту  туралы  хал  актілерін  тіркейді. 

         Атап  айтқанда, 2022   жылдың  мамыр  айында:

Қызмет  түрлері

Атқарылған қызметтер саны

    1

Туу туралы,

оның ішінде  өлі  туылғандар

3088

43

2

Неке қию туралы,

оның  ішінде  шетел азаматтары

782

7

3

Қайтыс болу туралы,

оның ішінде 1 жасқа дейінгі өлі туылғандар

387

24

4

Неке бұзу туралы, 

оның ішінде сот шешімі бойынша

28

10

5

Тегін, атын, әкесінің  атын өзгету

12

6

Күрделі істер, оның ішінде - түзету, өзгерту және толықтыру енгізу туралы  істер

133

7

Жою туралы  істер

7

8

Тууды мерзімі өтіп тіркеу істері

-

9

Қайталама  куәліктер

625

10

Анықтамалар

515

2022  жылдың  5-айында  ҚР–ның  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің  491- бабына сәйкес  әкімшілік  іс  қозғалмады, яғни неке қиюға кедергі болатын жайларды жасыру немесе азаматтық хал актілерін тіркейтін органдарға жалған мәліметтер берілгені үшін әкімшілік жауапкершілік хаттамаларын  толтыруға  негіздер  анықталмаған.

Арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» ҚР 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы, «Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығы.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер бұл - өмірлік қиын жағдайда жүрген адамға (отбасына) туындаған әлеуметтік проблемаларды еңсеру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін және оның қоғам өміріне қатысуына басқа азаматтармен тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған қызметтер кешені. Сондай-ақ, Халықты әлеуметтік қорғау саласында үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты бұл - қызметтерді алушылардың тұрғылықты жері бойынша үйде қызметтер көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік нысанында үйде қызметтер көрсету ұйымдарда (бұдан әрі – үйде қызметтер көрсету ұйымдары) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің сапасын, көлемін және тәртібін белгілейді. Сонымен қатар:

1) психоневрологиялық ауытқулары бар бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – балалар);

2) тірек-қимыл аппараты бұзылған бір жарым жастан он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (бұдан әрі – ТҚА бұзылған балалар);

3) психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – он сегіз жастан асқан адамдар);

4) бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – мүгедектігі бар адамдарға);

5) егде жасына байланысты өзіне қызметтер көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға (бұдан әрі – қарттар) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, тоқтату және тоқтата тұру шарттарын айқындайды.

Бөлімінің «Үйде әлеуметтік көмек көрсету»  бөлімшесінде әлеуметтік 23 қызметкер жұмыс атқарады (1-меңгеруші,1-кеңесші, 25 әлеуметтік қызметкерлер). Әлеуметтік қызметкер ол - арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер. Үйде әлеуметтік көмек көрсету секторында жеке басты қарттарды күтушілер – 6, мүгедек балаларды күтушілер – 17. Әлеуметтік көмек көрсету бөлімінде  34  жалғыз басты қарт зейнеткерлер мен мүгедектігі бар азаматтар және 18 жасқа дейінгі мүмкіндігі шектеулі 100 мүгедектігі бар балалар, ал 18 жастан асқан мүмкіндігі  шектеулі 5 мүгедектігі бар азамат есепте тұрады, жалпы 139 адамға әлеуметтік  қызметтер көрсетілді.

жалғізілікті қарттар 

     2022 жыл

Төленген қаржы

Қаралған сомасы

1212,9

520,7

Қарттар саны

34

34

1 адамга төленетін сомасы

3063

3063

2022 жылы үйде оқитын мүгедектігі бар балаларға әлеуметтік көмекке 300 өтініш білдірген болса, барлығы қамтамасыз етілген.

Үйде оқитын мүгедек балалар

2022 жыл

Төленген қаржы

Қаралған сомасы

8270,0

4590,0

Мүгедек бала саны

300

300

1 адамға төленетін сомасы

3063

3063

Жартылай стационар жағдайында оңалту бағдарламасы бойынша 2022жылы Түркістан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Түркістан аумақтық балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-не  әлеуметтік қызмет алуға 25 мүмкіндігі шектеулі  бала  кешенді қызметтермен қамтылды.           

2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 1 үкіметтік емес ұйым  70  ерекше балаға күндізгі бөлімшеге   арнаулы  әлеуметтік қызметтерді  ұсынып келеді.

Күндізгі бөлімше

 

2022 жылға

 

Мүгедек бала саны

70

Қаралған сомасы

51376,0

Игерілген сомасы

16169,7

Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде халықты әлеуметтік қорғаудың 5 бағыты  бойынша жұмыстар жүргізіледі. Атап айтқанда:- аз қамтамасыз етілген азаматтарды әлеуметтік қорғау;- жекеленген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау;- азаматтық хал-актілерін тіркеу;- арнаулы әлеуметтік қызметтермен қамту;- еңбек қатынастарын үйлестіру.

Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының жұмысы туралы  айтатын болсақ, 13 желтоқсан 2021 жылы Түркістан  қаласы әкімдігінің № 2224 Қаулысымен мүмкіндігі шектеулі және зейнет  жасындағы азаматтарға әлеуметтік сүйемелдеу қызметтерді көрсететін орталығы құрылды. Оның құрамында «TEN QOGAM»бөлімшесі жеке тәсілді еңгізу және  қызмет бенефициарлармен кері байланысты қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-тұрмыстық ортаға бейімделуіне бағытталған мүгедектігі бар адамдардың лайықты еңбекке, жұмыспен қамтуға және экономикалық тәуелсіздік құқығын асыруға кешенді қызмет көрсетеді. Жыл басынан жоспар бойынша 300 адамға қызмет көрсету жоспарланып, 60    адамға қызмет көрсетіліп келеді, немесе    20 % құрады.  Көрсету мүмкіндігі бар 7 бағыттың 5 бағыты  бойынша 130 қызмет  көрсетіліп келеді. Атап айтқанда: еңбек терапиясы, әнмен емдеу, психотренингтер, әлеуметті мәселелер бойынша заңды кеңес және сүйемелдеу және демалыс ұйымдастыру шаралары бойынша тарихи-мәдени орындарға экскурсия мен театр, концертке бару  және мерекелік мәдени іс- шаралар ұйымдастырылған. Әлеуметтік арнайы  қызмет көрсету  түрлері бойынша  кейбір қызметтер ғимараттың толық жабдықталмауына байланысты қызмет көрсетуге  мүмкіндік болмай отыр екен (ЛФК, емдік гимнастика т.б).

15-мамыр Халықаралық отбасы күні мерекесіне орай «Ынтымағы жарасқан отбасы» атты тақырыпта қызмет  алушы мүмкіндігі шектеулі жандарға отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Тарихи мәдени  мұражайларға саяхат ұйымдастырылуда. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қол өнер бұйымдарына, тігін өндірісі, құс асырау және массаж жасау кәсібін ашуға бағыт беру мақсатында  үш күндік бизнес бастауды оқыту курсы өткізілді. Бизнес бастау тренг бойынша 49 адам курсқа қатысты. 

Жекеленген санаттағы азаматтарды әлеуметтік қолдау келесі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жүзеге асырылады: «Ардагерлер туралы» ҚР 2020 жылғы 6 мамырдағы № 322-VІ Заңы, «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 1992 жылғы 18 желтоқсандағы  N 1787-ХІІ Заңы ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» N 39 Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы «Мүгедектердi оңалтудың кейбiр мәселелерi туралы» № 26 бұйрығы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы «Мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 498 бұйрығы, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы «Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» № 84 бұйрығы.         

Мүгедектігі бар адам ол – тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған адам. Мүгедектігі бар бала ол - тұрмыс-тіршілігінің шектелуіне және оны әлеуметтік қорғау қажеттігіне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға, контузияларға), олардың зардаптарына, кемістіктерге байланысты организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегіз жасқа дейінгі адам;

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік оңалту бұл - мүгедектігі бар адамдардың тіршілік-тынысының шектелуін жеңіп шығуы үшін жағдай туғызуға, олардың әлеуметтік мәртебесін қалпына келтіруге, әлеуметтік-тұрмыстық және ортаға бейімделуіне бағытталған шаралар кешені. Мүгедектердің жалпы саны- 8870, болса олардың 4456  оңалтудың жеке бағдарламасы бекітілген- олар 100%  ЭЦҚ қамтылған. Қазіргі таңда «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы техникалық көмекші құралдармен және арнайы қызметтермен қамтамасыз етіліп, өнім берушілерге төлем жүргізу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда ОЖБ 52,4% орындалған.

Бұл саладағы өзекті мәселелерді де айтпай кетуге болмайды. Олардың ең бастылары төмендегідей. Санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету бойынша 2312 адамға ОЖБ түзілген 2022 жылға 431 адамға жолдамаға қаржы 75 132,0 мың тенге (РБ 27 280,0 мың теңге, ОБ 24 879,0 мың теңге, ЖБ 22 973,0 мың теңге) қаралған. Қазіргі таңда жалпы 827 адам өтініш білдіріп 431 қамтамасыз етілуде, 396 адам  кезектілікте тұр және жолдамамен қамтамасыз етуге қаржы жеткіліксіз болып тұр екен. Сондықтан, Мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге қосымша 425  жолдамаға  (1 жолдама құны 175000 теңге) 74 млн 375 мың теңге қаржы қарастыру қажет. Өзекті мәселенің бірі мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы 40 нысан  бейімдеуден өткізу белгіленген, орындалуын қамтамасыз ету. Бұл бойынша арнайы жұмысшы топ құрылып, жұмыстар атқарылуда. 40 нысанның 21 мемлекеттік, ал 19 жеке меншіктегі объектілер. Мемлекеттік меншіктегі 7 нысан бейімдеуге жататындығы анықталып, қалған нысан иелеріне кемшіліктерді жою бойынша ескерту хат берілуде.

Мүгедектігі бар адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету үшін Қазақстанда әлеуметтік жәрдемақылар мен төлемдер түріндегі мемлекеттік көмек пен қолдауды; әлеуметтік оңалту шеңберінде организмнің жоғалтқан функцияларының орнын толтыруды; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтитын көп деңгейлі әлеуметтік қорғау жүйесі жұмыс істейді. Мүгедектігі бар адамдар көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдері ескеріле отырып, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен протездік-ортопедиялық көмекпен, сурдо-тифлотехникалық құралдармен, кресло-арбалармен, санаторий-курорттық емделумен, міндетті гигиеналық құралдармен, жеке көмекшінің және ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етіледі.

Былтыр қыркүйекте ҚР Парламенті қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның ерекше маңызы бар. Құжатта мүгедектіктің себебіне қарамастан, I топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын азаматтарға арналған жәрдемақыны енгізу қарастырылған. Нәтижесінде бұл жәрдемақы бөгде адамның күтімін қажет ететін қосымша 24 мың адамды қамтиды. Сондай-ақ, заңда 7 жастан 16 жасқа дейінгі балаларды мүгедектік топтары бойынша бөлу қарастырылған. Бұл көрсетілетін оңалту іс-шаралары мен әлеуметтік көмекті балалар ауруының ауырлық дәрежесіне қарай саралауға мүмкіндік береді. Бұл ретте мүгедектігі бар балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37% - ға дейін ұлғайтылатын болады. Бұл шара мүгедектігі бар 30 мыңнан астам балаға қатысты болады.

Сондай-ақ заңда мүгедектік бойынша және асыраушыдан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделеді. Жұмыс берушінің міндеттемелерін орындау мүмкін болмаған жағдайда, еңбек жарақатынан мүгедек болған адамдарды мемлекет есебінен ОТҚ-мен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз ету заңның тағы бір жаңашылдығы болып табылады. Сонымен қатар, құжатта мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған отбасылардың бала кәмелетке толғаннан кейін тұрғын үй кезегінде тұру құқығын сақтау көзделеді.

Және де, заңда мүгедектігі бар балаға күтім жасау мерзімін 18 жасқа дейін ұзарту қарастырылған, бұл жасына байланысты зейнетақы төлемдері мен базалық зейнетақыны тағайындауға оң әсер етеді. Тағы бір айта кетерлігі, халықтың басқа санаттарымен қатар мүгедектігі бар адамдар тұрақты тұратын немесе қызмет алатын медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметін регламенттейтін бірқатар бұйрықтарға өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, барлық МӘМ-де бейнебақылау камераларын орнату қарастырылған. Камералар ұйымға іргелес жатқан аумақтың периметрі бойынша, негізгі және қосалқы кіреберістердің жанында, сондай-ақ үй-жайлар мен жалпы пайдалану кабинеттерінде орнатылады. МӘМ-дегі туыстары мен жақын адамдарының жазбаларды көруге рұқсаты болады.

Бұдан басқа, МӘМ директорларын тағайындау кезінде оларға қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралды. Бұл азаматтармен жұмыс істеуде үлкен тәжірибесі бар қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес және басқа да ұйымдардың басшыларын тарту арқылы өңірлердегі кадрлық дағдарыс проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, МӘМ-нің материалдық-техникалық қамтамасыз ету нормативтері жақсарған. МӘМ қызметі әлеуметтік қорғау органдарының тұрақты бақылауында.

Ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың рәсімдері мен мерзімдерін оңтайландыру мақсатында Еңбекмині мүгедектікті сырттай белгілеуді енгізу бойынша жұмыс жүргізуде. Осы айдың өзінде жоба Қазақстанның 6 өңірінде пилоттық негізде болады. Оны іске асыру келешекте мүгедектігі бар адамдардың инстанциялар бойынша жүруін және көрсетілетін қызметті берушімен тікелей байланысын болдырмауға мүмкіндік береді.

Әр жылдың қазан айында жергілікті атқарушы органдар мүгедектер күніне орайластырылған салтанатты іс-шаралар өткізеді (байқау-конкурстың, шығармашылық фестивальдердің, Паралимпиада ойындарының, арнайы Олимпиадалар мен чемпионаттардың жеңімпаздарын марапаттау), мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесін дамытуға үлес қосқан белсенділерге құрмет көрсетеді. Қалалар мен аудандардың әкімдері мүгедектігі бар адамдарды, мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды аралайды. Медициналық-әлеуметтік мекемелер мен оңалту орталықтарында мүмкіндіктері шектеулі жандарға арналған «Ашық есік күндері» өтеді. Сонымен қатар, қайырымдылық акциялары аясында мүгедектігі бар ауыр науқастарға бару жоспарланған, оларға азық-түлік себеттері беріледі.

Пробация бөлімі жайлы сөз етер болсақ, Түркістан қалалық пробация бөлімі қызметі есебінде жалпы 196 адам есепте тұрады, оның ішінде 137 адамға пробациялық бақылау белгіленген. Түркістан қаласы әкімдігінің 02 ақпан 2022 жылғы №300 «Түркістан қаласының пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,  жұмысқа орналастыру үшін 2022 жылға арналған жұмыс орындарына  квоталар белгілеу туралы» қаулысы бекітіліп, пробация қызметі есебінде тұрған адамдарға 5 мекемеге 9 орын, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыу үшін 4 мекемеге 7 орынға квота белгіленген.

Ағымдағы жылдың І-ші тоқсанында пробация есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, 3  жұмыс орындарына квота бойынша жолдама берілді. Сонымен қатар, пробациялық бақылаудағы азаматтарға әлеуметтік-құқықтық көмектер көрсетілуде. Жеке кәсібін ашуға және оны дамытуға көмек көрсетуді ұйымдастыру мақсатында Бизнесті қолдау және туризм бөлімі тарапынан өз жеке кәсіпкерлігін ашуға жеңілдетілген несиелер және гранттар бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Түркістан қалалық Адами әлеуетті дамыту бөлімі тарапынан пробация қызметі есебіндегі А. Тенлибаеваның Төле би атындағы №19 жалпы орта мектепте оқитын 7, 8 сынып балалары ағымдағы оқу жылында  киім-кешекпен қамтылды.

Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған тұлғалардың рухани дамуына және патриоттық сезімін ояту мақсатында 21.03.2022 жылы Түркістан қаласы әкімдігінің спорт және мәдениет бөлімімен бірлесіп Наурыз мерекесі қарсаңында спорттық және мәдени іс шара өткізілді. Түркістан қаласы әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұйымдастыруымен Түркістан қалалық пробация қызметі бөлімі есебінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 10 сотталғанға ауқымды азық-түлік пакеті берілді. Халықты жұмыспен қамту орталықтары пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруға арналған квотаны орындау үшін жұмыс орындарының саны, бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтерді әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесіне толтырады және жұмыс берушілердің белгіленген квоталарды орындауы туралы ақпаратты ауданның, қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдарына ұсынады.

ҚР Қылмыстық Кодексінің 40-бабында көрсетілгендей, сотталғандарды бас бостандығынан айырмай жазалаудың он түрі бар. Соның алтауы –қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары түріндегі жаза, бас бостандығынан шектеу жазасы, шартты түрде сынақ мерзіміне соттау, сотталған жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдердің жазасын өтеу мерзімін кейінге қалдыру, белгілі бір қызмет немесе арнайы лауазымынан айыру жазаларын орындауды Жамбыл облысы бойынша ҚАЖК департаментінің Байзақ аудандық қылмыстық-атқару инспекциясы, қазіргі таңда «пробация қызметі» жүзеге асырады. Жалпы, пробация қызметі мемлекет  басшысы Н.Назарбаевтың 2012 жылғы 15 ақпанда қабылдаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне пробация қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыру мақсатында және қылмыстық-атқару жүйесіндегі қылмыстық заңнаманы ізгілендіру аясындап құрылған болатын.

Еліміздегі «түрме халқы» санын азайту өзекті мәселелердің бірі. «Түрме халқы» деңгейінің жоғары болуы, бүгінгі таңда көптеген мемлекеттерге әлемдік рейтингте кері әсерін тигізіп отырған мәселелердің қатарында. Бұл жағдайдың біздің елімізде де көрініс тауып отырғандығы жасырын емес. Бәріңізге белгілі, бүгінгі таңда  Қазақстанның қылмыстық саясаты әлемдегі дамыған мемлекеттердің тәжірибесін есепке ала отырып, еліміздегі бірқатар қылмыстық жазаларды ізгілендіру, сондай-ақ бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың ауқымын кеңейтуге бағытталған.

Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының осы тапсырмасын орындау мақсатында еліміздің Ішкі істер министрлігі тарапынан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларды дамыту бағытында көптеген шаралар қолға алынып жатыр. Соның бірі – пробация қызметі.
Жалпы пробация қызметінің түпкі мақсаты – жазаға тартылған адамның қателігін, мінін бетіне басу емес, орын алған қылмыстың  себеп  салдарын зерттеп,  мүмкіндігінше сотталушының қайталап қылмыс жасамауы үшін оның әлеуметтік жағдайын жақсартуға психологиялық тұрғыдан көмек беру.

Бүгінгі таңда пробация қызметінің тиімділігі қылмыстық-атқару инспекциясы мен жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының сотталғандарға бірлесіп көрсеткен әлеуметтік-құқықтық көмегінің деңгейіне тікелей байланысты. Осыдан-ақ, пробация қызметінде қылмыстық-атқару инспекцияларының жеке дара  жұмыс істей алмайтындығын көруге болады. Жергілікті органдардың тікелей қолдауынсыз пробация қызметі жемісті болмайды.
Өздеріңізге белгілі, өткен жылдың наурыз айында Қазақстанның ведомстволары, мемлекет органдарының бірінші басшылары, қос Палата депутаттары, шетел сарапшыларының қатысуымен еліміздің Бас прокуратурасында «Түрме орнына –пробация мен электронды білезік» атты түрме реформасына арналған алғашқы форум өтті. Онда пробация қызметі де сөз болып, даму көкжиегі айқындалған болатын. Бүгінде біз тек үлкен жолдың басындамыз. Ал, «Қазақстандағы пробация қызметі» - деп аталатын ол жолдың алғашқы қадамы жасалды.

Пробация қызметі қоғамнан оқшаулауға байланысты емес алты түрлі жазаны орындайды.

–қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы.

– түзеу жұмыстары түріндегі жаза.

– басбостандығын шектеу жазасы.

– шартты түрде сынақ мерзіміне сотталу.

– сотталған жүкті әйелдер мен жасбалалары бар әйелдердің жазасын өтеумерзімін кейінге қалдыру.

– белгілі бірқызмет немесе арнайы лауазымынан айыру.

 Пробациялық бақылаудың мақсаты заң мен немесе сотпен белгіленген міндеттерін орындауларын бақылау арқылы әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзелу жолына түсіру, қайта қылмыс жасаудың алдын алу, сотталған адамның жалпыға ортақ әлеуметтік, моральдік және құқықтық нормаларды сақтауы болып табылады. Сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің негізгі бағыттары – білім алуы, кәсіп түрлерін игеруі, жұмысқа орналасуы, емделуі және құқықтық кеңестер  болып табылады.

Пробациялық бақылау сот үкімі негізінде заңды күшіне енген сот үкімін, қаулысын орындауға қабылдаған күннен бастап, сотталған адамның тұрғылықты жері бойынша жүзеге асырылады. Пробациялық бақылау мерзімі сотталған адамды пробация қызметінің есебіне қойған кезден бастап есептелінеді. Сотталған азаматты есепке қою кезінде оның тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, білім деңгейін және еңбекпен қамтылғандығын, сондай-ақ, оған ұсынылатын әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтер анықталады. Сотталғанға әлеуметтік-құқықтық көмек беру, оған қатысты пробациялық бақылауды жүзеге асыру және тоқтату тәртібі түсіндіріледі. Пробация қызметіне тіркелуге келу үшін күндері белгіленеді. Сотталған адамға сот жүктеген міндеттерді орындау тәртібі және мәжбүрлі еңбекті орындау немесе орындамаған жағадайда пробациялық бақылау шарттары мен тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатындығы түсіндірледі.

Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша жұмыс берушілер халықты жұмыспен қамту орталығына ұсынатын бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру квотасын орындауға арналған жұмыс орындарының саны, мамандықтар бөлінісінде бос лауазымдардың болуы туралы мәліметтердің негізінде ұйымдар бөлінісінде жұмысқа орналастыруға мұқтаж бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың және олар үшін бос жұмыс орындарының деректер базасын қалыптастырады.

Еңбек қатынастарын үйлестіру бойынша да біршама жұмыстар атқарылған. Мемлекет басшысының 2021 жылғы № 622 Жарлығына сәйкес 01.01.2022 жылдан ҚР ІІМ-нен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен жергілікті атқарушы органдарға еңбекші көшіп келушілерге рұқсат беру функциялары берілді. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 сәуірдегі «Еңбекші көшіп келушілерге рұқсаттар беру, ұзарту және кері қайтарып алу қағидаларын бекіту туралы» № 123 бұйрығына сәйкес, ағымдағы жылдың 16 мамырынан бастап жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі қызмет көрсетуде. Еңбекші көшіп келушіге рұқсат беру және ұзарту бойынша Түркістан қаласында мамыр айында барлығы 370 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Қазақстан  Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы » туралы Кодексі -  неке - отбасы (ерлі-зайыптылық-отбасы) қатынастарын реттеудің мақсаттарын, міндеттерін, қағидаттарын және құқықтық негіздерін айқындайды, отбасының дамуын Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік саясатының басым бағыты ретінде айқындай отырып, оның құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді. Неке (ерлі-зайыптылық) дегеніміз–ерлі-зайыптылар арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді туғызатын, отбасын құру мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімімен жасалған еркек пен әйел арасындағы тең құқықты одақ. Ал, отбасы дегеніміз – некеден (ерлі-зайыптылықтан), туыстықтан, жекжаттықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиеге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасы қатынастарын нығайтып, дамытуға септігін тигізуге арналған мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерге байланысты адамдар тобы.

Келіп түскен өтініштер Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ Кодексінің  91-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің  1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған «Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық қарым қатынастар мен құқықтық көмек туралы» Конвенцияға сәйкес (Конвенция о пpавовой помощи и пpавовых отношениях по гpажданским, семейным и уголовным делам) өзге мемлекеттерден  келіп түсетін азаматтық хал актілерін тіркеуге байланысты тапсырыстар ұлттық заңнамаға сәйкес  мерзімінде орындалады.

Еңбек қатынастарын үйлестіру жұмыстары келесі нормативтік-құқықтық актілердің негізінде жүзеге асырылады: "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі ҚР Заңы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы»№ 412 бұйрығы.

Жоғарыда Түркістан қаласында шартты және шартсыз мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мамыр айында жалпы алғанда 4523 адамға берілгенін айтқан едік. Жалпы, Түркістанда ғана емес, бүкіл елімізде осы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы халық арасында көптеген түсінбеушіліктер орын алып, әртүрлі сауалдар кездесіп жатыр. Әр жыл сайын аталған көмек түрін тағайындау тәртібі де өзгеріп тұрады. Біз төменде осы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша қойылатын негізгі сауалдарға жауап іздеп көрген едік. Сонымен:

Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек кімге беріледі?

Ең төменгі күнкөріс деңгейі және кедейлік шегі. Атаулы әлеуметтік көмек әрбір отбасы мүшесінің табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-інен төмен адамдарға тағайындалады: бұл мән (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-і) "кедейлік шегі" деп аталады. 2021 жылы Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 34 302 теңге болса, 2022 жылы ол 36 018 теңгені құрайды. Сондықтан кедейлік шегі 2021 жылы 24 011 теңге болса, 2022 жылы бір адамға айына 25 212 теңге төленеді. Егер 2022 жылы отбасы табысы бір адамға шаққанда айына 25 212 теңгеден аз болса, онда мұндай отбасы осы отбасының барлық мүшесі үшін атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бере алады. Отбасының орташа табысын есептеу кезінде мүгедек балаларға берілетін жәрдемақы есепке алынбайды.

Қазақстанда АӘК көлемі қандай болады?

Атаулы әлеуметтік көмек көлемін әр адамға қатысты жеке есептейді. АӘК мөлшері кедейлік шегі мен отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы арасындағы айырмашылықты құрайды, яғни 25 212 теңгеден отбасының бір адамға шаққандағы орташа табысын шегеру қажет. Кейде отбасының әрбір мүшесіне 1000 теңге немесе 20 теңге, тіпті 1 теңге атаулы әлееуметтік көмек тиесілі болуы мүмкін.

АӘК-тен неге бас тартуға болмайды?

Егер отбасы аз да болса атаулы әлеуметтік көмек алса, онда бұл отбасының балалары үшін еңбек министрлігінен (егер балалар 1-6 жас аралығында болса) немесе білім министрлігінен (6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар үшін) көмек беріледі.

АӘК алатын отбасындағы 1-6 жас аралығындағы балаларға не тиесілі?

Мұндай балаларға ай сайын азық-түлік және гигиеналық заттар жинағы беріледі. Онымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымдары қамтамасыз етуге тиіс.

1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді:

жеміс және (немесе) көкөніс гипоаллергенді езбесі – кемінде 1200 грамм;

балаларға арналған гипоаллергенді сәбилер ботқасы – кемінде 320 грамм;

қаптамадағы жүгері жармасы – кемінде 400 грамм;

қаптамадағы сұлы қауыздары – кемінде 800 грамм;

балаларға арналған печенье – кемінде 180 грамм;

пастерленген немесе ультрапастерленген сүт – кемінде екі литр.

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған ай сайынғы азық-түлік жинағына мыналар кіреді:

пастерленген сүт – кемінде екі литр;

қатты бидайдан дайындалған макарон, сұлы қауыздары, арпа жармасы, шағылған асбұршақ – барлығы кемінде 800 грамм;

ұнтақ жармасы – кемінде 700 грамм;

қарақұмық немесе күріш жармасы – кемінде 1,6 кг;

күнбағыс майы – кемінде 0,8 литр;

гематоген – кемінде 240 грамм;

құрамында бүтін астық дақылдар бар таңғы асқа арналған сүтке қосатын тағам – кемінде 250 грамм;

балаларға арналған печенье – кемінде 400 грамм;

таза бал – кемінде 200 грамм.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған тұрмыстық химия құралдарының ай сайынғы жинағына тіс пастасы, тіс щеткасы, гипоаллергенді сабын, сусабын, жақпамай, кір сабын және кір жуғыш ұнтақ кіреді.

АӘК алатын отбасындағы 6-18 жас аралығындағы балаларға не тиесілі?

Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасындағы 6 жастан 18 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік және тұрмыстық химия жинақтары берілмейді. Бірақ білім және ғылым министрлігінің басқармалары мен бөлімдері оларды мектепке қажетті барлық жабдықпен қамтамасыз етеді. Біріншіден, бұл балалар мектепте күнделікті тегін тамақтануға құқылы болса, екіншіден, олардың қоғамдық көлікте жүру құнының 50 проценті өтеледі. Сонымен қатар балаларға мектеп формасы және мектепке қажетті құралдар беріледі (жылына бір рет).

Ұл балалар пиджак, желетке, шалбар, жейде немесе водолазка және аяқ киіммен қамтамасыз етіледі. Қыздарға пиджак, желетке, белдемше немесе сарафан (немесе шалбар), жейде немесе водолазка және аяқ киім беріледі. Бұл жинаққа сондай-ақ спорт костюмі мен спорт аяқ киімі кіреді. Кеңсе заттарының жинағына рюкзак, сонымен қатар дәптер, қаламсауыт, қарындаш, қаламсап, сызғыш, өшіргіш, жоғары сыныпта оқитындарға – циркуль, ал төменгі сыныптағыларға сурет салуға арналған альбом мен бояу кіреді.

АӘК қашан беріледі?

АӘК өтініш берген күнге қарамастан азамат жүгінген күннен бастап тағайындалады. Мысалы, егер өтініш 20 қаңтарда немесе айдың соңғы күнінде жолданса, онда төлем бүкіл айға толық төленеді.

АӘК кімге берілмеуі мүмкін?

Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз ақшалай көмек түрінде тағайындалады. Шартты ақшалай көмек отбасында еңбекке жарамды адам болған жағдайда тағайындалады. "Алты ай ішінде жұмысқа тұрудан бас тартқан жағдайда барлық отбасы мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек беру тоқтатылады. Ол тұрмысы төмен отбасыға жатпайтын, көрінеу жалған ақпарат берген адамдарға, учаскелік комиссияға сәйкес атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж емес адамдарға тағайындалмайды.

Биылғы жәрдемақы мен төлемдердің мөлшері қандай?

2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі мен ең төменгі есептік көрсеткіштің шамасын 5% индекстеді. Ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгені құрайды. АЕК-3 063 теңге. Жалақының ең төменгі мөлшері 60 000 теңгеге дейін өсті. Осының бәрі зейнетақылар, жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер мөлшерінің ұлғаюына алып келеді.

2022 жылы бір жасқа дейінгі бала күтімі және көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы

Бала туғанда берілетін жәрдемақының мөлшері:

Бірінші, екінші және үшінші балаға - 38 АЕК (116 394 теңге);

Төртінші және одан да көп балаларға - 63 АЕК (192 969 теңге).

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы бала күтімін жүзеге асыратын және міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушылары болып табылмайтын жұмыс істемейтін әйелдер мен ер азаматтарға тағайындалады.

Жұмыс істемейтін әйелдер мен ерлер үшін бала бір жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша ай сайынғы жәрдемақының мөлшері:

Бірінші балаға - 5,76 АЕК (17 643 теңге)

Екінші балаға - 6,81 АЕК (20 859 теңге)

Үшінші балаға - 7,85 АЕК (24 044 теңге);

Төртінші және одан жоғары - 8,90 АЕК (27 261 теңге).

Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студенттері бар отбасылар үшін жәрдемақы отбасының табысына қарамастан тағайындалады:

Төрт балаға - 16,03 АЕК (49 100 теңге);

Бес балаға - 20,04 АЕК (61 382 теңге);

Алты балаға - 24,05 АЕК (73 665 теңге);

Жеті балаға - 28,06 АЕК (85 948 теңге);

Сегіз және одан да көп балаға - 32,06 АЕК (98 200 теңге), оған қоса әрбір келесі балаға 4 АЕК-тен.

«Алтын алқа» (7 және одан да көп бала туған және тәрбиелеген), «Күміс алқа» (6 бала туған және тәрбиелеген) алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алған, бірінші және екінші дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған әйелдерге ай сайын 6,4 АЕК (19 603 теңге) мөлшерінде мемлекеттік жәрдемақы төленеді.

Мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша жәрдемақы

Асыраушысынан айрылу және мүгедектік жағдайы бойынша айлық жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан тағайындалады.

2022 жылы мүгедектігі бойынша жәрдемақы мөлшері:

1-топ - 1,92 ПМ (69 155 теңге)

2-топ - 1,53 ПМ (55 108 теңге)

3-топ - 1,04 ПМ (37 459 теңге).

Мүгедек балалардың барлық топтары үшін жәрдемақы мөлшері 16,7%-дан 37%-ға дейін өседі.

Сондай-ақ, мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақыларды бір мезгілде алу құқығын беру көзделеді. Қазір мүгедектігі бар балалар ата-аналары ажырасқан кезде бір мезгілде алименттер мен мүгедектігі бойынша жәрдемақы ала алады. Алайда, бір немесе екі ата-ана қайтыс болған кезде бала мүгедектігі бойынша жәрдемақы немесе асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы ала алады.

Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша айлық жәрдемақы:

Отбасының еңбекке жарамсыз бір мүшесі болған жағдайда 0,86 ПМ (30 975 теңге) мөлшерінде;

Отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне екі – 1,49 ПМ (53 667 теңге) болған кезде;

Отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне үш – 1,85 ПМ (66 633 теңге) болған кезде;

Отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне төрт – 1,96 ПМ (70 595 теңге) болған кезде;

Отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне бес – 2,03 км (73 116 теңге) болған кезде;

Алты және одан көп болған кезде – отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,11 км (75 998 теңге).

Ата-анасының екеуі де айырылған жағдайда жетім балаларға асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы әр балаға 1,18 ПМ (42 501 теңге) мөлшерінде, отбасының еңбекке жарамсыз қалған мүшелеріне - 0,54 ПМ (19 450 теңге) мөлшерінде, бірақ отбасының еңбекке жарамсыз барлық мүшелеріне 2,56 ПМ (92 206 теңге) аспайтын мөлшерде тағайындалады.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар

Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне - 16 АЕК (49 008 теңге);

Басқа мемлекеттер аумағындағы соғыс қимылдарының ардагерлеріне - 4,8-ден 6,19 АЕК-ке дейін (14 702-ден 18 960 теңгеге дейін);

Жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғаларға - 6,19 АЕК (18 690 теңге);

Жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға - 7,55 АЕК (23 125 теңге)

Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен), қайта некеге тұрмаған жауынгерлердің жесірлеріне - 4,48 АЕК немесе 13 722 теңге;

Ауғанстандағы немесе ұрыс қимылдары жүргізілген басқа мемлекеттердегі ұрыс қимылдары кезеңінде қаза тапқан, хабар-ошарсыз кеткен немесе жаралану, контузия алу, мертігу, ауру салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына, бейбіт уақытта әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің отбасыларына, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан ішкі істер органдары қызметкерлерінің отбасыларына, Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жою кезінде қаза тапқандардың отбасыларына, сәуле ауруы салдарынан қайтыс болғандардың немесе қайтыс болған мүгедектердің, сондай-ақ қайтыс болуы Чернобыль АЭС-індегі апаттың және азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың, ядролық сынақтардың әсеріне белгіленген тәртіппен байланысты болған азаматтардың отбасыларына - 4,59 АЕК (14 059 теңге);

Қайтыс болған ҰОС мүгедегінің немесе жеңілдіктер бойынша ҰОС мүгедектеріне теңестірілген адамның зайыбына, сондай – ақ қайтыс болған ҰОС қатысушының, партизанның, астыртын күрескердің, «Ленинградты қорғағаны үшін» медалімен немесе «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгісімен наградталған, жалпы ауруы, еңбекте мертігуі және басқа да себептері (құқыққа қайшы келетіндерін қоспағанда) салдарынан мүгедек деп танылған азаматтың қайталап некеге отырмаған зайыбына (жұбайына) - 2,56 АЕК (7 841 теңге)

Кеңес Одағының Батырларына, үш дәрежелі «Даңқ» ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағына ие болған адамдарға  - 138,63 АЕК (424 624 теңге);

Социалистік Еңбек Ерлеріне, үш дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерінің иегерлеріне, «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған адамдарға - 138,63 АЕК (424 624 тенге);

«Халық қаһарманы» атағына ие болған адамдарға - 138,63 АЕК (424 624 теңге);

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдарға, сондай-ақ мемлекеттік наградалармен наградталмаған, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығындағы кезеңде кемінде алты ай жұмыс істеген адамдарға - 2,13 АЕК (6 524 теңге);

Мүгедектігі бойынша айлық жәрдемақы мөлшеріне дейін жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне қосымша төлем алушыларды қоспағанда, жасына байланысты зейнетақы төлемдері немесе еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, сондай-ақ Байқоңыр қаласында тұратын бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда - 1,49 АЕК (4 564 теңге);

Байқоңыр қаласында тұратын жеті жасқа дейінгі мүгедек балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда - 0,96 АЕК (2940 теңге);

Байқоңыр қаласында тұратын 7 жастан 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға, Ресей Федерациясының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бойынша зейнетақы алатын жағдайда: бірінші және екінші топтарда - 1,49 АЕК( 4 564 теңге);

Үшінші топта - 0,96 АЕК (2 940 теңге);

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына, мүгедектігі бар немесе зейнеткерлер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдарға - 1,07 АЕК (3 277 теңге);

Қазақстан Республикасына сіңірген ерекше еңбегі үшін зейнетақы тағайындалған адамдарға - 1,07 АЕК (3 277 теңге);

Бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасайтын тұлғаларға - 1,4 ПМ (50 425 теңге).

Бұдан басқа, ең төменгі күнкөріс деңгейінің артуы атаулы әлеуметтік көмек алушыларға әсер етеді, ол тиісінше өседі.

 Қазақстандықтардың биылғы күнкөріс деңгейі қандай?

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейі (бұдан әрі – ЕТК) мен айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінің артуы мемлекеттік бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы алатын 5,1 млн адам кірісінің өсуіне әкеледі, ал ең төменгі жалақының (бұдан әрі – ЕТЖ) ұлғаюы экономиканың барлық салаларында жұмыс істейтін 1,6 млн адам кірісінің өсуін қамтамасыз етеді. Азаматтарды қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылатын әлеуметтік төлемдердің мөлшерін белгілеу үшін Қазақстанда ЕТК және АЕК қолданылады. Ең төменгі күнкөріс деңгейі мен айлық есептік көрсеткіш мөлшері инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, жыл сайын белгіленеді. Осылайша, Үкімет, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуін болдырмау үшін тұрақты шаралар қабылдауда.

Мәселен, 2020 жылы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ЕТК мен АЕК мөлшері екі рет, жалпы алғанда 10%-ға ұлғайтылды. Биыл олар 5% индексацияланып, ЕТК және АЕК мөлшері тиісінше 34 302 теңге және 2 917 теңгені құрады. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасын және айлық есептік көрсеткішті 5%-ға индексациялау жоспарлануда. Нәтижесінде ЕТК мөлшері 36 018 теңгені, ал АЕК – 3 063 теңгені құрайды. 2022 жылға арналған республикалық бюджетте мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін орындауға 4 трлн теңге, оның ішінде зейнетақы мен барлық әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшерін индексациялауға 190,4 млрд теңге көзделуде. Бұл 4,2 млн адамның табысын арттырады, оның ішінде: - 2,3 млн-ға жуық зейнеткерге ынтымақты зейнетақы мөлшерін 7%-ға (инфляция деңгейінен 2%-ға оза отырып) және базалық зейнетақы төлемін 5%-ға, жалпы сомасы 138,3 млрд теңгеге арттыру жүргізілетін болады; - 1,9 млн алушыға әлеуметтік жәрдемақы жалпы сомасы 52,1 млрд теңгеге, 5%-ға арттырылады. Бұдан тыс ЕТК деңгейінің өсуі атаулы әлеуметтік көмек алатын 900 мыңнан астам адамның кіріс деңгейіне де оң әсер етеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап ЕТЖ мөлшері ағымдағы 42,5 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін ұлғайтылатын болады. Осылайша ең төменгі жалақы мөлшерінің өсуі 41%-ды құрайды.Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс берушілер жұмыскерлерге еңбекақыны ЕТЖ төмен емес деңгейде қамтамасыз етуге міндетті болады. Бұл шара барлық саладағы әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін 1,6 млн адамның ақшалай табысының өсуіне алып келеді. Бірінші кезекте ЕТЖ көтерілуі «жалақысы төмен» қызметкерлерге қатысты болады. Екіншіден, жалақы деңгейін белгілеу кезінде ЕТЖ көрсеткішін пайдаланатын жұмыс берушілер, қызметкерлердің басқа даа санаттарының жалақысын қайта қарайтын болады. Бұдан басқа, Үкімет бюджет саласы қызметкерлерінің жалақы деңгейін арттыру жөнінде дәйекті шаралар қабылдауда. Мәселен, 2020 жылдан бастап педагогтардың жалақысы кезең-кезеңімен артып, 2023 жылға қарай ол 2 есеге артады. 2021 жылы медициналық және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңімен арттыру басталды, нәтижесінде 4 жыл ішінде олардың жалақысы 2 есеге артады.

2022 жылдан бастап мұндай жоғарылау әсер етпеген санаттардың жалақысы ұлғаяды. Олар – мұрағатшылар, кітапханашылар, мұражайтанушылар, орманшылар, техникалық қызметкерлер және т.б., шамамен 588 мың адам. Қазіргі уақытта дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы 1,2 миллионға жуық азаматтық қызметшінің жалақысы жоғарылайды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың үшінші тоқсанының қорытындысында халықтың атаулы табысы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға, инфляцияны ескергенде – 6%-ға өсті. 2021 жылдың үшінші тоқсанында орташа жалақы 243,7 теңгеге жетіп, өткен жылдың үшінші тоқсанынан 19% артық деңгейді көрсетті. Бұл ретте инфляцияны ескере отырып, нақты мәнде жалақының өсуі 9,8%-ды құрады.

 

 

 

 

Оқылды 242 рет